Сый-құрметтің үлкені – күлімсіреу

Сый-құрметтің үлкені – күлімсіреу
Фото: pixabay.com

Күлімсіреу – жан-дүниеңнің айнасы. Адамдық айбынды да асыра түседі. Басқаларға күлімсірей алу ізгі көңіл, бітім-болмысыңның асқақ екендігін де әйгілеп тұрады. Күлімсіреу – үміт, әрі күш. Ол бейне көктемнің салқын самалы тектес басқалардың жан әлемін өзіне сиқырлап алады. Күні бойы тыжырынып, суық айбатын сыртына салып жүретін адамға жан баласы жуымайды. Ондай адамдарға сенім арту да қиындау.

Күле білмеуден өткен қорқынышты іс жоқ дейді психологтар. Зорланып болса да күлімсіреуге әдеттену керек. Жалғыз жүрсең, отырсаң, өзіңше ыңырсып өлең айт. Өзіңді еркін ұстауды үйрен, көңілді жүргендей бейне адамға шынымен де көңілділік бағыштайды. Басқалар өзімді сыйласын десең, әуелі өзің оларға шын көңілден мейір бағыштай біл. Жүрегінде шуағы жоқ адам күн шуағын көре алмайды, жүзінде күлкі табы жоқ адам оның құдіретін сезе алмайды. 

M. Auelkhan