Сыни пайымды дамытатын 5 кітап

Сыни пайымды дамытатын 5 кітап
Фото: notablenovelists.com

Сыни көзқарасты қалай дамытуға болады? Абай айтпақшы, адам оқу, көру арқылы көп нәрсеге көз жеткізеді. "Үш нүкте" медиа жобасы сыни пайымды қалыптастыруға көмектесетін 5 кітап ұсынады.

Сенбеймін! Шексіз дезинформация ішінен ақиқатын ажырата білу (Не верю! Как увидеть правду в море дезинформации)
Джон Грант

Уикипедиядағы жалған ақпараттар, күнделікті келетін спамдар мен өсек-аяңнан өзіңізді қалай қорғап, соның арасындағы шындықты аңғаруға көмектесе алатын кітап. Кез келген нәрсеге сеніп қала беретін болсаңыз, осы кітапты оқуға міндеттісіз.

Интернетте біреудікі дұрыс емес! Даулы мәселелерді ғылыми зерттеу (В интернете кто-то неправ! Научные исследования спорных вопросов)
Ася Казанцева

Интернеттегі фейктер мен таралатын жалған ақпаратты тексерудің жолдарын үйретеді. Интернеттегі ақпараттың шын не өтірік екенін қалай ажыратамыз? Фотофейктерді қалай анықтаймыз? Осы сұрақтардың жауабы Ася Казанцеваның кітабында.

Ғалымдар нені жасырады? ХХІ ғасыр мифтері (Ученые скрывают? Мифы XXI века)
Александр Соколов

Интернеттегі форумдарда талқыланатын тақырыптар мен оларға пікір жазатын адамдармен қарым-қатынас орнату, оларға алданып қалмау, басқа адамдардың пікірімен санасу секілді тақырыптарды қозғайды. Кез келген форумдағы жауаптарға бірден сенбей, сыни көзақараспен қарау керек екенін айтады.

Скептик: Әлемге рационал көзқараспен қарау (Скептик: Рациональный взгляд на мир)
Майл Шермер

Кітап бүкіл нәрсеге сын көзқараспен қара дейді. Тіпті, ең жақын адамыңның сөзіне де бірден иланбай, ойлану керек деген ұсыныс тастайды. Өмірде болып жатқан істерге тек бір жақты қарамай, басқа қырын көргіңіз келсе бұл кітап сіз үшін таптырмас мүмкіндік.

Жалған жөнсілтері. Постшындық дәуіріндегі сыни ойлау (Путеводитель по лжи. Критическое мышление в эпоху постправды)
Дэниель Левитин

Автор бұл кітап арқылы шындық қайсы, жалған қайсы, факттің негізгі белгілері қандай болады деген сұрақтарға жауап табуды үйретеді.

Massaget.kz