- Негізгі бет
- Жаднама
- Сұрау салттары ...
Сұрау салттары
"Елден сұрасаң, екі көзің, терден сұрасаң, екі бүйірің шығады". Қазақ халқы осы сөзді тегін айтпаса керек. Халқымыз еңбек етпей, тер төкпей қайыр сұрауды – арсыздық, өліммен тең құбылыс ретінде бағалаған. Ал ел салтында өзгенің қуанышын өз қуанышындай көріп, сол қуаныштың иелерінен сүйінші сұрап, көрімдік алатын болған. Қазақ сөзіндегі сұрау салтына қатысты атауларды тізбелеп көрейік:
- Сүйінші сұрау
- Көрімдік сұрау
- Байғазы сұрау
- Қонақ кәде сұрау
- Қоныс сұрау
- Сарқыт сұрау
- Бата сұрау
- Бастаңғы сұрау
- Қалау
- Жылу сұрау
- Қол сұрау
- Бұйымтай сұрау
- Ақыл сұрау
- Қарыз сұрау
- Сыр сұрау
- Сауға сұрау
- Қолқа салу
- Кешірім сұрау
- Құн сұрау
- Жөн сұрау
- Жол сұрау
- Түйе мұрындық сұрау
- Ашу сұрау
- Араша сұрау
- Теңдік сұрау
- Телім сұрау
- Емеурін сұрау
- Көңіл сұрау
Дайындаған: Сұңқар Ақбоз
Сурет: diapazon.kz
M. Auelkhan