Сұхбаттасу – қарым-қатынастың бір түрі. Ол әркезде көрініс табады, оператормен сөйлесу кезінде, қызметке тұрғанда жұмыс берушімен сөйлесу кезінде, журналистік қызметпен белгілі бір тұлғадан сұхбат алғанда біз көбіне нені ескере бермейміз? Сонымен сарапмата бойынша тізіп көрейік. Мұндай қателіктерге бой беріп алмаңыз.
Кең таралған вербальды емес (ым-ишара) қателіктер
47% Компания туралы аз біледі немесе мүлдем білмейді – бұл ең көп кездесетін қателік;
21% шашын түртпектей береді немесе бетін ұстай береді;
38% мүлде күлмейді;
67 % көрермен байланысын ұмытып кетеді;
21 % қолын кеудесіне айқастыра қойып қояды;
33 % иығын тік ұстамайды;
9 % тым белсенді қол бұлғап сөйлейді;
26 % әлсіз қол алысады;
33 % тым көп жалтақтайды;
Бұл – 2000 басшыға жүргізілген сауалнама бойынша дәлелденген ақпарат.
Ал енді жай әңгімелесу кезеңіне дейін ескеру керек жағдайлар
- 90 секунд әңгімелесу кезеңінде 33% бастықтарға жұмыскерді жұмысқа ала ма, жоқ па – түсіну жеткілікті.
- Әңгімелесу кезеңінің орташа ұзақтығы – 40 минут.
Адамдар ең алғаш кездескенде, олар назар аударады:
- 55% қалай киінгені, өзін-өзі ұстауы, есікке кіргені;
- 7% сөйлеуі;
- 38% дауыс қоюы мен өзіне деген сенімділігі;
Әңгімелесу кезеңінде ең жиі қойылатын 5 сұрақ
- Өз тәжірибеңіз туралы айта кетсеңіз...
- Сіз не үшін бізде жұмыс істегіңіз келеді?
- Біздің компания туралы не білесіз?
- Осының алдындағы жұмысыңызды неге тастап кеттіңіз?
- Өзіңіз туралы айтып беріңіз?