Юлий Цезарь түс жору рәсіміне сеніп, әйелі Кальпурниидің айтқанын тыңдаса, жағдай мүлдем басқаша болатын еді. Тарихтан мұндай мысалдарды көптеп келтіруге болады.
Біз өмір сүріп отырған заманда адам бұрынғыдай тау мен тастың, өсімдіктер мен жануарлардың даусын естімейді. Терең эмоциялық энергиясы әбден сарқылған. Хрисипп өз кезінде түс пен оны болжау, таңғажайып құбылыс туралы кітап жазған.
Бұл тақырыпта көп әңгіме айтуға болады. Әдетте түсті көпті көрген әжелеріміз жорып жатады, және кешкі мезгілде түсті айтуға тыйым салады. Қызыққан болсаңыз, түрлі кітап та аз емес.
Мамандардың айтуынша, түс дегеніміз – объективті сезіну мүшелері сөніп тұрғанда бейсаналы түрде жүзеге асатын құбылыс. Түс біздің 5 жыл өмірімізді құрайтындықтан, оған бей-жай қарауға болмайды. Түстердің әлі белгілері байқала қоймаған аурулар туралы хабар беру қабілеті бар. Бұл туралы Гиппократ та айтқан еді.
Егер түстердің жақсы және жаман деп бөлінетіндігін ескерсек, бар назарды қорқынышты түстерге бағыттаған дұрыс. Әдетте қорқынышты түстер жүйке жүйесінің әбден шаршағандығынан сыр береді. Егер қорқынышты түстерді жиі көретін болсаңыз, өміріңізде психикалық ауыртпалығын түсіретіндей болып жатқан жағдайларды ретке келтіргеніңіз жөн.
Түсіңізде кейіпкерлер көп болса, денсаулығыңыз бен психологиялық жағдайыңыздың дұрыс болғандығы. Ал түсіңізде жалғыз жүрсеңіз, бір қиындықтың шешімін таба алмай қиналып жүргендігіңіз.
Мұнымен қатар түсіңізде көретін түстердің де маңызы бар. Дені сау адам ақшыл көк, жасыл түстерді көбірек көреді. Қара түс - күйзеліске ұшырағандықтың белгісі. Қызыл түс - аурудың белгісі.
Ал биіктен құлап бара жатқан түстерді жүрегі ауыратын адамдар жиі көреді. Мұндай түсті әдетте 5-8, 15-18, 55-60 жас аралығындағы адамдар көреді. Олай болса, ғалымдардың түстің нені білдіретіндігін анықтаған болжамдарына тоқталып өтейік.
Су
Таза суды ішу – бақыт.
Лай суды ішу – ауру.
Лай суға шомылу – көңілі қалу.
Суға түсу – жеке өмірде қиындыққа тап болу.
Кірлеген дене бөлігін жуу – қуаныш.
Суды төгу – ұялатын жағдайға тап болу, қателікке ұрыну.
Суды шашу – бір нәрсені жоғалту.
Сарқырамаға қарап тұру – қиындықпен бетпе-бет кездесу.
Толқын – күтпеген жерден алыс жолға шығу, қыдыру, сезім.
Тамшы – ақша шақыру.
Жағажайда жүру – жолға шығу.
Теңізге қарап тұру – алыстан жаңалық күту.
Кемемен жүзу – өмірдегі өзгерістер.
Таза су тасқыны – уақытша қиындықтар.
Лай су тасқыны – білмейтін ортаға бару.
Су қоршап тұру – байлыққа кенелу.
Жүзуге дайындалу – нар тәуекелділікті талап ететін іспен айналысу.
Көлде жүзу – ғашықтардың айырылысуы.
Өзенде жүзу – қиындық.
Шық – құт-береке.
Бұлақ – тұрғылықты мекенді ауыстыру, өткенмен кездесу.
Бату – қиындық.
Субұрқақ – үлкен қуаныш, күтпеген жағдай.
Еденнен су шығу – бүйректен шыққан жау.
Керегеден су ағу – қамқорлыққа зәру болу.
Жалғасы бар...
Сурет: