Субсидия – салыққа қарама-қарсы ұғым. Субсидия сатып алушы мен сатушы табыстарына қосымша төлем жасау немесе субсидия алушы тарапқа артықшылық беру үшін өндіріс шығындарын төмендету. Субсидиялар, үкімет пікірінше, қазіргі уақытта жеткілікті түрде дайындалған, ол "жақсы тауарды" тұтынуды марапаттағысы немесе қаржылық қолдағысы келген кезде беріледі. Басқа жағынан, салықтар, үкімет пікірінше, шамадан тыс "жаман тауардан" яғни шамадан тыс баға қойған немесе жаман өндірістері бар тараптан алынуы мүмкін. Судсидиялар, әдетте сатушыға беріледі және өндіріс құнын төмендететін әсері болады. Субсидиялар түрлі салада болады. Яғни, білім беру, көлік, ауыл шаруашылығы, өңірлік даму, тұрғын үй және жұмыспен қамту сияқты салаларға берілуі мүмкін.
Субсидияның гранттан айырмашылығы қандай?
Грант – қайтарымы сұралатын немесе жұмыс есебі талап етілуі мүмкін категория. Мысалы қоғамдық жобаларға грант бөлініп, соңында оның есебі жасалады, мемлекет білім грантын бөліп, оның өтемін мамандық бойынша жұмыс арқылы талап етеді. Ал субсидия тағайындалғанда оның өтемі немесе аналог қайтарымы болмайды.
Бұл туралы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде де жазылған: "Инвестициялық субсидия – ҚР заңды тұлғасына өтеусіз және қайтарымсыз негізде инвестициялық преференция ретінде берілетін бюджеттік субсидияның түрі".