Бірде соқыр адам зәулім ғимараттың алдында қол жайып, тиын сұрап отырыпты. Қасында тұрған қатты қағазда "Мен соқырмын. Мейірімді жандар, өтінем, көмектесіңдер", – деген жазу жазылған екен.
Бір бейтаныс адам қасынан өтіп бара жатып, тоқтайды. Әлгі жолаушының қалпақта жатқан бірді-екілі тиынын көріп, аяп кеткен көрінеді. Қалпаққа бірнеше тиын тастаған әлгі бейтаныс оның рұқсатынсыз қатты қағаздың бетіндегі сөздерді басқа сөздерге ауыстырып (жазып), қош айтысып кете барған.
Жұмыстан қайтып келе жатқан жолда соғып, қалпақтың тиын мен ақшаға толып қалғанын көреді. Соқыр адам оны жүрісінен танып, қатты қағазды сен өзгерттің бе деп сұрайды. Оның қағазға не деп жазғанын бар ынтамен білгісі келеді. Ал бейтаныс өткінші:
– Жалған болатындай ештеңе емес. Мен оны жай ғана кішкене өзгертіп жазғым келді, – дейді.
Жымиып қана, өз жолынан қалмай кете барған.
Қатты қағазда былай деп жазылған болатын: "Қазір көктем, бірақ мен оны көре алмаймын".
сурет:blogs.privet.ru
Дайындаған: Фараби Арыстанбек