Назарларыңызға снукер ойынының ережесін ұсынамыз.
1. Ойын мақсаты.
Ойын комплекті 15 қызыл, 6 түрлі-түсті, бір ақ шардан тұрады.
Ойын мақсаты - шарларды ұяшықтарға түсіру арқылы ұпай жинау. Объекттік шарлардың ұяшыққа түсуі ойыншыға мынадай ұпайлар әпереді:
Қызыл шар - 1 ұпай
Сары - 2
Қоңыр - 4
Көк - 5
Алқызыл (оранжевый - ор.) - 6
Қара - 7.
2. Бастапқы соққылар.
- Бәйге ақ шарды ойынға қосу арқылы басталады. Ойыншы аталған шарды жартышеңбердің кез келген жеріне қойып іске кірісуіне болады.
- Келесі ойыншының кезегі қарсыластың қателігінен кейін келеді.
3. Ойын ережесі.
Соққыға кезек алған ойыншы ең алдымен қызыл шарлардың бірін көздеуі керек. Соққы нәтижесінде
- ұяшыққа ақ түсті шар кіріп кетсе,
- ақ шар алдымен қызыл шарға тимесе,
- ұяшықтарға тек қана қызыл шарлар кірмесе,
ойын ережесі бұзылған болып танылып, фол жарияланады.
Егер ұяшыққа бір де бір қызыл шар түспесе, кезек келесі ойыншыға беріледі. Ойыншы қызыл шарларды ұяшыққа кіргізе алса, келесі кезекте түрлі-түсті шарларға ауысуы керек.
Түрлі-түсті шарларға бет бұрған соң, мына ережелерді есте ұстау керек.
- Ақ шар ұяшыққа кірмеуі керек.
- Егер үстелде қызыл шарлар бар болса, ақ шар алдымен түрлі-түсті шарларға тиюі керек.
- Үстелге қызыл шар болмаса, ақ шар ең алдымен нөмірленген түрлі-түсті шарлардың ең төменгісіне тиюі керек.
- Ақ шарға алғаш соқтығысқан шар ғана ұяшыққа кіруі керек.
Бұл ережелер бұзылса, фол жарияланады.
Егер бірде-бір шар ұяшыққа кірмесе, кезек келесі ойыншыға беріледі. Дегенмен де ойыншы мақсатына жетіп қанжығасына ұпай сала алса, келесі кезекте снукерші қызыл шарларды көздеуі керек. Үстелде қызыл шар қалмаған болса, ең аз ұпай беретін шарға ауысуы керек.
Әрбір соққыға 60 секунд уақыт беріледі.
4. Фолдар.
Егер фол орын алған болса, қарсылас ойыншы қосымша ұпайға ие болады:
- ұяшыққа ақ шар еніп кетсе, 4 ұпай,
- уақыт лимиті бітіп қалса, 4 ұпай,
- ақ шар ереже бойынша жанаспауы тиіс шарға тиіп кетсе, сол шардың құнына сәйкес ұпай беріледі.
- Ұяшыққа кірмеуі тиіс шар еніп кетсе, сол шардың құнына сәйкес ұпай беріледі.
Фол орын алса, қарсылас снукерші:
- ойынды сол қалпында жалғастыруға,
- қарсыласына тағы бір мүмкіндік беруге (бастапқы позицияға оралмай) құқығы бар.
5. Ойын соңы.
Үстелде тек қара шар қалып, ойыншыны тасты ұяшыққа кіргізіп жіберсе, фол жарияланады.
Әңгімеміздің соңында көңіліңізді бір серпілту үшін мына роликті ұсынамыз:
writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/qaUKUC7W4G0","width":"450","height":"230"});
Ойын үстіндегі күлкілі сәттер
Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан
сурет: city21.tv