Тазалық – жалпы тіршіліктің күнделікті өмірдегі өзіндік бір қасиеті. Оның екі түрі болады. Яғни астарлы мағынасы және тікелей мағынасы. Тікелей мағынасы қарапайым тірліктегі адамға керекті тазалық этикасы – қолдың, беттің, тәннің тазалығы болса, екіншісі жанның тазалығы. Жақсылыққа ұмтылу, жамандықтан жирену секілді. Осы тазалықтың Шығыста жеті түрлі қасиеті бар.
1. «Қол тазалығы»
Бұл артық нәрсеге қол салмау деген сөз. Бұл жерде қарыз берудегі өсімге де қатысты. Қолыңызды жуып, таза ұстаудың да, оны іштей «таза» ұстаудың да өз маңыздылығы бар. Ескеріңіз.
2. «Құлақтың тазалығы»
Тазалыққа серік болсаңыз, жақсы естисіз. Бірақ кейде құлақ тазылығын сақтау үшін көрінген нәрсені тыңдай беруден қашу керек. Өсек пен жамандықты, біреудің әңгімесін тыңдамаңыз.
3. «Көз тазалығы»
Бұл көзіңіз қатігездікті көруден, ашудан қашу деген сөз. Көз мөлдір жаратылыс екенін де ұмытпаңыз.
4. «Ауыздың тазалығы»
«Аз сөз алтын, көп сөз көмір» дегеннің дәл өзі. Әр нәрсені сөйлеуге қарағанда, көп тыңдап, ой түйіп, тоқсан ауыз сөздің түйінін айтыңыз.
5. «Тәннің және киімнің тазалығы»
Бұл қандай жағдай болмасын, өзіңізге қараңыз деген сөз. Сырт келбетіңіз де сіз жайында жақсы ой қалыптастыру керек.
6. «Ойдың тазалығы»
Миыңыздан керегі жоқ дүниелерді шығарып тастаңыз. Жақсы нәрсені, бар дүниені ойлаңыз.
7. «Жан мен жүректің тазалығы»
Бұл ең басты тазалық әрі құндылық. Сіздің жаныңыз таза болса, айналаңызға нұр шашасыз. Ал жүректің тазалығы адамдарды жақсы көруге, сүйіспеншілікке тәрбиелейді.