Шөлдегі екі дос

Екі дос ұшы-қиыры жоқ шөл далаға, құмға сапар шегіпті. Ұзақ жол шаршатқан күндердің бірінде олар болар-болмас бір мәселе төңірегінде сөзге келіспей, бірі екіншісін шапалақпен салып қалады. Таяқ жеген жігіт іштей қатты қорланса да өз-өзіне тоқтау айтып, жел үйірген құм төбенің үстіне: «Бүгін менің жан досым менің бетіме бір шапалақ салды!» деп жазып қояды. Олар сапарын жалғастырып, иендегі тұнба сулы алқапқа келеді. Қатты шөлден қысылған олар секіре-секіре түсіп суға бас қойғанда әлгі таяқ жеген жігіт құй-батпаққа бата бастайды. Серігі оны жан-дәрменімен құтқарады. Ол аман-есен жағаға шыққаннан кейін беліндегі қанжарды алып, жақын жерде тұрған тасқа: «Бүгін менің жан досым мені бір өлімнен құтқарды!» деп ойып жазып қояды. Дәл осы кезде бірінші жігіт келіп оның мәнісін сұрағанда: «Досың ренжіткенде оңай ұмытылатын жерге жазу керек, мен сондықтан оны құмға жаздым, досың жақсылық істегенде оны мәңгі ұмытылмайтын жерге жазу керек. Сондықтан мен оны тасқа ойып жаздым. Ол қандай да бір боран-шашында да өшпейді!» деген екен.

 

Дайындаған: Сұңқар Ақбоз