Шаяндар жаңа жұмыс, ал Таразылар өмірлік серігін табады: Жұлдыз жорамал: 16.01.2023 - 22.01.2023

Шаяндар жаңа жұмыс, ал Таразылар өмірлік серігін табады: Жұлдыз жорамал: 16.01.2023 - 22.01.2023
Фото: pixabay.com

Бұл аптада ретроградты кезеңнен екі планета шығады: Марс және Меркурий. Сондықтан кез келген іс 19 қаңтардан бастап жылдам дами бастайды.

Жеке өмірлік, ұжымдық және әлемдік деңгейдегі процестер белсенді болады. Марс қозғалысы кезеңінің ауысуы, әсіресе, ерлерге, олардың физикалық та, психикалық та жағдайына жағымды әсер етеді.

Тоқты
20 наурыз - 19 сәуір

Жаңа қызықты таныстар мен ерекше идеялар уақыты. Әзірге айтарлықтай жетістік жоқ, алайда жалпы бұл аптада өмір қызықты әрі романтикалық сәттерге толы болмақ. Ұзақ уақыт бойы араласпаған достарыңызға жазып көріңіз. Шығармашылық әуесқойлығы ұсақ-түйектерге аса мән беруді, сондай-ақ физикалық белсенділікті қажет ететін адамдар үшін қолайлы кезең.

Торпақ
20 сәуір - 20 мамыр

Сіз үшін маңызды шаруаларды асықпай дамытуға арналған апта. Кей жағдайлар мінезіңізді көрсетуді қажет етеді, бірақ сондай-ақ басқа адамдармен араласу кезінде өз-өзіңізді бақылауда ұстауыңыз керек. Себебі жанжал туындауы әбден мүмкін. Өзіңіздің жеке және іскерлік қатынасыңызда әлдене өзгерткіңіз келуі мүмкін. Бірақ қазір кәсіби салаға көбірек уақыт бөлген жөн.

Егіздер
21 мамыр - 20 маусым

Өткен жылғы кей бастамаларға күмән келтіріп, оларды шындыққа жанаспайтынын мойындауыңыз мүмкін. Қазір сізде ресурстарды жинау кезеңі болып жатыр. Ол сізді 2023 жыл бойы "қоректендіреді". Мүмкіндігінше, бағалы ақпаратты жинаңыз, қаржылық құралдарды жинаңыз және басқа адамдармен серіктестік іздеңіз. Осы аптада жаңа таныстар пайда болады және стратегиялық одақтастар табу мүмкіндігі туады.

Шаян
21 маусым - 22 шілде

Жұлдыздар барлық нәрседен түбегейліліктен алшақ болуды ұсынады: қарым-қатынас саласында, сезімдер саласында, қаржылық немесе тұрмыстық сұрақтарды шешу кезінде. Бұл қызмет бойынша өсуге немесе жоғары ақша төленетін жұмыс іздеуге қолайлы уақыт. Аптаның екінші жартысы жағымды сәттерге толы болмақ.

Арыстан
23 шілде - 22 тамыз

Өміріңізде потенциалды серіктестер, қызметкерлер, одақтастар пайда болады және олардың қайсысы сізге келетінін шешу оңай болмауы мүмкін. Сапарға шығу мүмкіндігін өткізіп алмауға тырысыңыз. Ол жақта тағдырыңызға әсер ететін кездесу болуы мүмкін. Бұл апта отбасылық шаруалар және романтикалық қарым-қатынас үшін қолайлы. Өзара түсіністікке, эмоционалдық жақындыққа және рухани жайлылыққа ұмтылу кәсіби салаға да жағымды әсер етеді.

Бикеш
23 тамыз - 22 қыркүйек

Басқа адамдармен қарым-қатынасыңызды тексергіңіз келуі мүмкін. Егер іскерлік серіктестікті тексергіңіз келсе, ода тұрған ештеңе жоқ. Оған қоса, ол болашақта жағымсыз тосынсыйлардың алдын алуға көмектеседі. Бірақ жеке эмоционалды қатынасыңызға қауіп төндірудің қажеті жоқ. Қызғаншақтығыңызға ерік берсеңіз, өзіңіздің де, жақыныңыздың да өмірін қиындатып жібересіз. Отбасыңызда және романтикалық салада қолайлы психологиялық климат жасау үшін сізден шыдамдылық  талап етіледі.

Таразы
23 қыркүйек - 22 қазан

Жаңа идеялар мен жоспарлар үшін жақсы кезең. Тек бірден барлық ресурсыңызды жұмсамаңыз, олар болашақта керек болады. Жұма - келіссөздер жүргізуге және мәміле жасауға арналған жақсы күн. Материалдық жағынан да, отбасылық өмірде де бәрі ойдағыдай болады. Егер жалғыз болсаңыз, біреумен танысуыңыз мүмкін: ол романтикалық қарым-қатынасқа ұласуы әбден мүмкін.

Сарышаян
23 қазан - 21 қараша

Жұлдыздар апта басындағы жағдайларға араласпауға кеңес береді. Алайда күннен күнге өзіңізге деген сенімділігіңіз арта береді. Бұл сізге айналадағылардың назарын аударады. Уақытты белсенді пайдаланыңыз. Егер жалғыз болсаңыз, жаңа роман бастау мүмкіндігі туады.

Мерген
22 қараша - 21 желтоқсан

Маңызды ақпарат жинаңыз, ой-өрісіңізді дамытыңыз және бұрын байқамаған қолдау көзін табуыңыз мүмкін. Сіз үшін қызықты істермен, сүйікті іспен айналысыңыз, басқалардың сіздің өміріңізге араласуына мүмкіндік бермеңіз. Өміріңізді романтикамен және қызықты оқиғалармен толтырыңыз. Бұл апта сіз үшін жағымды және жайбарақат өтпек.

Тауешкі
22 желтоқсан - 20 қаңтар

Әртүрлі істерге белсенді қатысыңыз, өз мүмкіндігіңізді жіберіп алмаңыз: сізді толғандыратын саяхат пен қызықты оқиғалар күтіп тұр. Сізге ынтамен жұмыс істеу керек болады. Ай соңына дейін асығыс шешім қабылдамаңыз. Бірқалыпты өмір салтын ұстаныңыз және барлық нәрсенің өз ретімен жүруіне мүмкіндік беріңіз. Ағзаңыз жоғары жүктемені көтере алу үшін жұмысты демалыспен үйлестіруге тырысыңыз.

Суқұйғыш
21 қаңтар - 18 ақпан

Өзгерістер, прогрестер, жаңа бастамалар және үлкен мүмкіндіктер уақыты.  Арманыңызға жету жолында бір қадам алға жылжисыз. Бұл аптада сіздің әрекеттеріңіз алдағы бірнеше айға айтарлықтай әсер береді. Сондықтан мақсаттарыңызды анық қойып, сол бағытта жұмыс істеңіз. Жаңа бастамалар мен қызықты идеялар іздеңіз. Энергияңыз жоғарғы деңгейде, әрекет ететін уақыт келді.

Балықтар
19 ақпан - 19 наурыз

Өзіңізге ұнайтын және сізге шабыт әкелетін іпен шұғылданыңыз. Сол іс сізді қалаған жетістікке әкелуі мүмкін. Өміріңізге барынша көп жаңа нәрселер қосыңыз: жаңа адамдармен танысыңыз, бұрын мүлдем жасап көрмеген нәрселерді істеп көріңіз, гардеробыңызды жаңартыңыз, спортпен айналысыңыз. Шынайы және ашық болыңыз.

А. Жапатова