- Негізгі бет
- Жаднама
- Шай туралы не...
Шай туралы не білеміз?
«Тек қазақтар ғана шай мен шайдың арасында шай ішеді» деген елге тарап кеткен анекдот бар. Біз неге шай ішеміз? Адамдар шайды алғашында шипалық сусын ретінде іше бастаған. Шай ішудің әдетке айналуы бұдан көп кейін. Бұл сусыннан өзіңнің денсаулығыңа керегін ғана алуды ойламастан, шайды әдет бойынша қарынды қампайтқанша бет алды іше беру дұрыс емес. Шай деген әуел баста медициналық мақсатта қолданылған. Мысалы, қытайдың халық медицинасында шайды түрлі жағдайлармен уланғанда ішкен. Шай эмульсиясы ауыр тері сырқатына көмектескен. Ауыр дене және ой еңбегімен шаршап шалдыққанда жәрдемдескен. Кейінірек шайдың, әсіресе көк шайдың гипертония ауыруына қарсы тамаша емдік зат екені анықталды. Сонымен қатар шайдың біз біле бермейтін керемет қасиеттері де бар.
Халықтық медицина ұсыныстары
• Сүт қосқан өте қою ыстық шай / қант салынған/ есірткімен, емдік дәрілермен және маскүнемдікпен уланғанға қарсы күшті құрал.
• Қоюлығы орташа жылы шайды лимонмен, қара бұрышпен және балмен ішкенде тыныс жолдары мен өкпесіне салқын тиген адамның несебін де, терін де қуып шығарады.
• Көк шай мен қара шайдың салқындаған қою қоспасына жүзімнің құрғақ шарабын аздап/ 1 стақан шәйға бір қасық шарап/ араластырса, қастың қабағына салқын тигенде, жас шығаратын қабыққа қиқым түскенде көзді жуады.
• Шайдың жас жапырағының шырыны, шай эсктраты немесе ұнтақталған құрғақ шай күйікке қарсы құрал болып табылады.
• Екіқабат әйелдің жүрегі айнып құсқысы келгенде, автокөлікте шайқалғанда және теңіз «ауруымен» ауырғанда құрғақ шайды шайнау керек. Ол әлгі әсерлердің барлығын басады.
• Дененің сыртындағы жараны, сонымен қатар асқазандағы, он екі елі ішектегі жараларды жазу үшін қою қайнатылған көк шайды ұдайы ішу керек.
Дереккөз: anabol.kz
Н. Үсенова