Шайды күніне бірнеше рет қайнатып ішу мүлдем зиян. Белгілі бір жағдайларда шай ағзаға кері әсер етуі мүмкін дейді Doctorpiter мамандары.
Бас және іш ауруын тудырады
Шайдың құрамында кофеин бар. Денедегі артық кофеин – жиі зәр шығару, бас ауруы, жүрек айнуы, диарея, іштің ауыруы және ұйқысыздықты тудырады.
Кофеинге бай шайлар – көк шай, ақ шай, жапон көк шайы.
Темірдің сіңуіне кедергі келтіреді
Шайда көптеген танин бар. Олар метаболизм үшін маңызды темірдің сіңуіне кедергі келтіруі мүмкін. Сондай-ақ, тамақтан кейін бірден шай ішуге болмайды. Темірдің ағзаға сіңуі үшін кем дегенде 20 минут күту керек.
Жүктілік кезіндегі проблемалар
Жүктілік кезінде шайды шамадан тыс тұтынудан аулақ болу ұсынылады. Кофеин мен катехиндер әйелдер мен балаларға өте қажет фолий қышқылының сіңуіне кедергі келтіруі мүмкін.
Дәрілердің тиімділігін төмендетеді
Сондай-ақ дәрігер тағайындаған дәрі-дәрмектерді үнемі ішетіндер үшін шай ішудің қажеті жоқ. Оның құрамындағы заттар белгілі бір препараттармен әрекеттесіп, дәрінің тиімділігін төмендетуі мүмкін.
Күніне қанша шай ішкен денсаулыққа пайдалы?
Күніне 400 миллиграмнан артық емес кофеинді тұтыну ұсынылады. Бұл нормаға сәйкес келеді және денсаулыққа пайдалы. Осы мөлшерге сүйене отырып, сіз күніне бірнеше шыныаяқ шай ішуге болады.
Оның үстіне шоколадтан бастап энергетикалық сусындар мен кофе құрамындағы – күні бойы ішетін кофеині бар барлық сусындар мен тағамдарды ескеру қажет.
Мамандар сонымен қатар: темірдің сіңуіне кедергі жасамас үшін күніне 5 кеседен артық көк шай ішпеу керек дейді. Сондай-ақ көк шайдың құрамында тырнақ пен сүйектерге пайдалы фторид бар, бірақ оның денеде артып кетуі әртүрлі сүйек ауруларын тудыруы мүмкін.