Биік мансапқа жетпеген, мол ақша таппаған адамның көңілді болуына болатын шығар. Бірақ, өмір бойы, ұзақ жылдар көрген азабы мен қорлығы жетіп артылады. Бір кемпірдің екі қызы болыпты. Үлкені күйеуге тиген соң, шай сатыпты. Кішісі тұрмысқа шыққан соң, қолшатыр сатыпты. Шешесі күн жауса болды, үлкен қызын ойлап алаңдаса, күн ашық күндері кіші қызын ойлап алаңдайды екен. Сол себепті, үлкен кісінің еш күні алаңсыз өтпейді екен. Әженің үйіне қонып жатқан бір қонақ мұны білген соң: «Қыздарыңызды ойлап алаңдағаныңыз жөн, бірақ, сол қыздарыңыз үшін неге қуанбайсыз? Өзіңіз ойлаңызшы, күн ашық күні үлкен қызыңыздың шайы өтімді болады, жауынды күні кіші қызыңыз қолшатыр сатып бір байып қалады. Сондықтан күн ашық болса да, жауынды болса да, көңілді жүргеніңіз дұрыс қой» депті. Мұны естіген кемпір: «Дұрыс-ау, мұны неге ойламағанмын?» деп жадырап сала беріпті дейді. Көңілді өмір сүру - адамның өз ішкі күйі белгілейтін дүние. Өмірде шаттық аз емес, тек оны аңғаратын ой ғана аз. Жас күнгі достың 20 жылдан кейін телефон соғып амандасуы, көшедегі бейтаныс сәбидің күлкісі, төбеде ұшқан торғайдың шырылы, үйдегілердің әңгімесі бәрі-бәрі де адамға шаттық сыйлайды. Сіз өмірге қалай қарасаңыз, өмір де сізге солай қарайды.
Дайындаған: Мейіржан Әуелханұлы
Сурет: ztlz.net