Шашыңыз жуғанда, тарағанда көп түсе ме? Онда оның дауасын қымбат дәрілерден іздеудің көбіне қажеті жоқ. Себебі шаш дұрыс тамақтанбағаннан да түседі.
Шаш түсуінің алдын алу үшін, салауатты өмір салтын сақтанып, күнделікті тамақтану кестесін дұрыс жолға қойсаңыз болғаны. Сондай-ақ шаштың түспеуіне көмегін тигізетін тағамдар барын да ұмытпағайсыз. Жақында ғалымдар шаштың түспеуіне көмектесетін тағам түрлерін атаған болатын. Олай болса, біле жүріңіздер.
1. Арқан балық
Шашқа ақуызы мол тағамдар аса пайдалы. Ал ақуызға бай тағамдардың алғашқы қатарына арқан балықтан (лосось) жасалған тағамдарды айтуға болады.
2. Бал
Балды тағам ретінде пайдаланып қана қоймай, одан шашқа маска жасауға да болады. Бұл процедура шаш саулығына айтарлықтай көмектеседі. Бал маскасы жайлы толығырақ білгіңіз келсе, мына сілтемеге өтіп оқи аласыздар.
3. Жаңғақ пен дәнді дақылдар
Шаштың қатаюы мен өсуіне «Омега-3» және «Омега-6» май қышқылдары да пайдалы. Бұлар көбіне жаңғақ пен дәнді дақылдарда кездеседі.
4. Саумалдық (шпинат)
Көбіне нәзік жанды арулардың шашы көп түседі екен. Оған себеп ағзадағы темір мен «D2» дәруменінің жетіспеуінен болады. Бұл кезде құрамында темірі бар, хош иісті дәнді дақылдар жататын саумалдық (шпинат) шөбі көп көмегін тигізеді.
5. Қосжақтаулы ұлулар
Теңізде тіршілік ететін кейбір қосжақтаулы ұлулар (мидия, устрица, гребешок) тағам ретінде пайдаланылады. Олардың шаштың бекем болуына да септігі зор екен.
6. Май
Асқабақ, гүлшетен мен кокос өсімдігінің майлары бас терісі үшін аса пайдалы. Бұлардан дайындалған тағамды ішіп-жеп қана қоймай, шашқа маска жасауға да болады. Сондай-ақ осы өсімдіктердің майы қосылған сусабынды пайдаланған жөн.
7. Цистанхе мен теңіс капустасы
Сұңғылалар өсімдік туысына жататын цистанхе Қытай медицинасында кеңінен пайдаланылады. Бұл өсімдік шаштың өсуіне көп көмегін тигізеді. Теңіс капустасының құрамында да шаштың қатаюы мен өсуіне қажетті дәрумендер жетерлік. Сондықтан да бұл өсімдіктерден жасалған тағамдардың дастарханыңыздан табылғаны абзалырақ.