Шаш жуудың өзі жауапкершілік. Жай ғана шаруа болса да, оның да өз қыры мен сыры бар. Мәселен, неміс дерматологтары шаш жууға келгендей мынандай төрт амалға аса мән беру керегін айтады.
Сусабын көп құймаңыз
Шашты сусабынмен жуған жақсы, әрине. Шаштың кірін келтіреді. Бірақ сусабынмен шашты жиі жуа беруге тағы болмайды. Өйткені шампунь шаштың табиғи майы мен ылғалдандырушы заттарын өзімен алып кетеді. Күнде бас жусаңыз да, сусабынмен жууды әдетке айналдырмаңыз.
Жылы сумен жуыңыз
Ыстық сумен басты жумаңыз. Шаштың түгін күйдіріп, тамырын зақымдауы мүмкін. Содан шаш түседі, шаш баяу өседі. Немесе құрғап, жұқарып кетуі мүмкін. Одан да басты жылыдай сумен жуыңыз. Жылы су шаштың ара-арасына терең еніп, жақсы "суарады". Содан шашта ылғал болады.
Шашты қасып жууға болмайды
Құйқаны қасып, тырнап жууға болмайды. Суланған шаш өте нәзік болады. Сондықтан басты жуып болған соң, шашты ысқылап сүртуге де болмайды. Одан да шашты орамалмен ақырыңдап дымқылдай сүртіп қана қалдырыңыз. Шаш өзі кепсін.
Сусабынды ауыстыра беруге болмайды
Құйқа бір сусабынның формуласы мен құрамына үйреніп қалғаны дұрыс дейді мамандар.