Шашқа арналған түзеткіш қымбат құрылғы емес. Бірақ оны дұрыс таңдау да аса маңызды, өйткені аса үнемшілдік шаштың бүлінуіне немесе түсуіне ықпал етуі мүмкін.
Шашқа арналған түзеткішті таңдағанда мына заттарға назар аудару керек:
- түзеткіш пластиналарының материалы;
- пластиналардың жұмыс істеу сапасы;
- түзеткіштің қызу температурасы мен оны реттеу мүмкіндігі.
Түзеткіштердің кейбір түрлері қосымша ылғалды түзету опцияларымен және шаш түбінен көлем беру функциялармен жабдықталған. Бұл функциялар көбіне қымбат үлгілерінде кездеседі. Орташа бағадағы түзеткіштер тек құрғақ бұйра шаштарды түзете алады.
Ылғал шаштарды түзету айтарлықтай зиян емес, өйткені бұдан кейін фенмен кептірудің қажеті болмайды, сол себепті жылу бір рет қана әсер етеді.
Қандай түзеткіш таңдаған жөн: керамика, тефлон, металл
Заманауи түзеткіштерге көбінесе металл пластиналар орнатылған. Өз кезегінде пластиналарға керамика, тефлон немесе турмалиннен қорғағыш қабат қапталған. Қаптама бірінші кезекте құрылғының металл пластинасын емес, шаштың қызып кетпеуін қадағалауға, яғни құрғаудан қорғауға негізделген.
Сонымен қатар қорғағыш қаптамасы жоқ шашқа арналған арзан түзеткіштер де бар. Шашты құрғатып алмас үшін мұндай құрылғыны пайдаланудан бас тартқан жөн. Қорғағышы жоқ металл пластиналар шашты біркелкі қыздырмайтындықтан шашты қатты зақымдайды.
Көбіне сатылымда керамикамен қапталған пластиналы түзеткіштер жиі кездеседі. Керамикалық қабат температураның біркелкі таралуын қамтамасыз етеді, осылайша түзеткіш, жақсы үтік секілді қатты қызбайды және үтіктелетін бұрымдардың бетін қатты қыздырмайды. Бұдан өзге шашқа арналған керамикалық үтіктер шаштың жылтырауына ықпал етеді.
Пластинаның керамика беті қосымша турмалинмен немесе титан/алмаз үгінділерімен қапталған үлгілердің керамикалық түзеткіштерге қарағанда зияны азырақ. Турмалин – статикалық электрдің әсерін төмендететін материал. Ал титан/алмаз үгіндісі – түзеткіштің бұрым бетінде жақсы жылжуына ықпал етеді.
Пластинаның еніне келер болсақ, онда жіңішке үлгілерді таңдаған жөн. Жалпақ пластиналардың шаш сәндеуге әсері мол сияқты көрінгенімен, шын мәнінде мұндай үлгілер қалың және ұзын шашты аруларға жарайды, ал орташа ұзындықтағы шаштарды түзету үшін классикалық жіңішке түрі қолайлы.
Түзеткіштің жұмыс температурасы
Шашты түзу етіп жатқызу үшін түзеткіш жақсы қызуы керек, бірақ шамадан тыс болмауын қадағалаңыз. Көбіне түзеткіштің жұмыс температурасы 140-220 градусты құрайды. Және түзеткіштің температураны реттейтін функциясы болғаны жөн. Бұл шаштың жағдайына және оны түзеудің күрделілігіне қарай пластинаны қыздыру деңгейін белгілеуге мүмкіндік береді.
Шаш бұйра болған сайын, түзеткіштің температурасы соғұрлым жоғары болады.
Түзеткіш таңдағанда оның қанша уақытта қызатынына да назар аударыңыз. Тез қызса, шаш сәндеу уақытын да үнемдеуге болады. Жақсы түзеткіштің қызуына 15 секундтай уақыт қажет.
Сонымен қатар түзеткіштің жібінің ұзын болуы мен құрылғының сапалы құрастырылғанына назар аударыңыз. Шашты түзеуге арналған пластинаның қысқыштары бір-біріне тығыз жабысуы керек.
Сурет: irecommend.ru
Дайындаған: Анар Мұстафина