Шаш түскен тамақты жеуге бола ма?

Шаш түскен тамақты жеуге бола ма?
Фото: womanel.com

Тамақ болғасын, түрлі нәрсе түсіп кетеді. Көбіне шаш түседі. Оны кейде қылшық деп жатамыз. Кейбірі ондай тамақтан жиіркенбейді, енді бірі тәбеті қашып, ішкісі келмей жатады. Ендеше мұның қайсы дұрыс, ғылым бұған не дейді? Соны қарастырып көрейік.

Шаш дегеніміз – бұл креатин. Кәдімгі ақуыздың түрі. Адам ағзасына пайдасынан басқа зияны жоқ. Сондықтан шаштан келер қауіп жоқ. Бірақ шашқа жабысып тамаққа түріл бактерия мен микробтар түсіп кетуі мүмкін. Мәселен, стафилококк бактериясы. Бірақ мамандардың айтуынша, шашпен ілесіп жүрген бұл бактерияның ағзаға көп түсе қоюы екіталай. Түскен күннің өзінде ауру шақыруға қауқарлы болмайды.

Тамақ дайындалып жатқанда түскен шаштың тіпті зияны жоқ. Өйткені қайнаған тамақпен бірге бактерияның бәрі "өліп кетеді".

Шашалып қаламыз ба?

Жоқ, мүлде мүмкін емес. Шаш өңешке тұрып қалмайды, сілекейлі қабыршыққа жабысып қалуы да екіталай.

Бірақ мынадай құбылыс болуы мүмкін. Ғылымда трихофагия атты психологиялық ауытқушылық болады. Оған шалдыққан адам шашын жұлып жегенді "жақсы көреді". Содан асқазанда шаш үйіріліп-түйіріліп тұрып қалады. Мұны ғылымда трихобезоара дейді. Бірақ мұндай құбылыс өте сирек кездесетін көрінеді.

Мейрамханада

Тамаққа, тәрелкеге түскен шаш адамға аса қауіпті емес екені жоғарыда айтылды. Бірақ мейрамханада, қоғамдық ас ішу орындарында тамақтан шаш тауып алсаңыз, жақсы емес. Өйткені бұл ол жерде санитарлық норманың сақталмайтынын білдіреді. Ондайда қарап қалған жөн емес.

Қ. Слямбек