Шаршаудан қалай айығамыз?

Шаршаудан қалай айығамыз?
Фото: vk.com

Шаршаудың түрі көп. Ол адамның қызметіне байланысты. Адам жолдан да шаршайды, ойдан да шаршайды. Артықтау болса, кез келген жұмыс шаршатады. Сонда сол шаршаудан жылдамырақ шығуды ойластыруымыз керек. Ол бәрімізге қажет. Мұндайда жеке бөлініп, төсекте, диванда, әйтпесе жерге кілем, көрпе төсеп, соның үстінде созылып жатқан жөн. Басқа шағын жастық жастап, тізенің астына оралған көрпе қою керек. Көзді жұмып, қабаққа шайға малынған вата басыңыз. Қолдарыңызды денеңізге жақындатып, екі жаққа созып, алақыныңызбен саныңызды сипаңыз. Ешнәрсе ойламауға тырысыңыз, бір сәт жұмысты да, үй шаруасын да ұмытыңыз. Денеңізді, ойыңызды да босаңсытып, өзіңіздің қазіргі жағдайыңызға ғана беріліңіз. Бүкіл денеңіздің, аяқ-қолдарыңыздың, басқа да мүшелеріңіздің ауырлап, бұлшық еттеріңіздің босаңсығанын сезініңіз. Осындай жағдайда 15-20 минут жату керек. Сонан соң тыныққан көңілмен әдеттегі жұмысыңызды жалғастыруға болады.

Әрине, шаршағанды ұйқымен, басқалай нәрсемен де басуға болады. Олар ұзақтау үдеріс. Біздің айтқанымыз шаршаудан жылдам шығудың жолы.

«Қазақ күнтізбесі»

А. Оралқызы