Туған күнде, мерекелік бас қосуда қонақтарға көтеріңкі көңіл сыйлап, шаттандыратын бірден-бір құрал – шар. Ал уақыт тығыз, тез арада көп шарды үрлеп үлгеру керек болғанда, қандай амал қолданамыз? Үйден оңай табылатын мына нәрселерді қолданып көріңіз:
- лимон шырыны;
- ас содасы;
- үш ас қасық сірке су;
- шар;
- изолента;
- стақан;
- бөтелке;
- құйғыш (воронка).
Бөтелкеге су құйып, үстіне ас содасын салып, шайқаймыз.
Басқа ыдысқа сірке суы мен лимон шырынын араластырып алып, құйғышпен бөтелкеге құямыз.
Шарды бөтелкенің басына шапшаң кигізіп, изолентамен ораймыз. Изолента жоқ болса қолмен мықтап ұстап тұруға болады.
Химиялық реакция орындалып, шар үріле бастайды.