Алматыда XI "Шәкен жұлдыздары-2013" халықаралық кинофестивалі басталды. 31 мамыр мен 4 маусым аралығында өтетін кинофестиваль кезінде кино көрсетілімдер, мастер-класстар мен семинарлар өтеді.
Биыл 11-ші рет болып жатқан кинофестиваль отандық кинемотографияның дамуына зор үлес қосып отыр. Оның басты мақсаты – қазақстандық киноның сапасын арттырып, жас кино мамандарына демеу беру, оларға кәсіби даму үшін мүмкіндіктер беріп, халықаралық кино сахнасында танылу.
Биылғы "Шәкен жұлдыздары" фестивалінің әділ қазылар құрамында француз кино сыншысы Жан Руа, үндіс әртісі Джаред Джаффри және басқа шет ел және отандық кинемотографияда танымал тұлғалар бар.
Халық әртісі Асанәлі Әшімов – фестивальді ұйымдастырушылардың бірі.
Фестивальдің қонақтарының арасында Ерболат Тоғызақов та бар.
Гүлнар Дусматова ерекше стильде киініп келді.
Әрқашан сұлу Әсел Сағатова мен Ерлан Көкеев
Жан Байжанбаев та еліміздегі кино саласындағы үлкен шарадан шет қалған жоқ.
Евгений Жуманов пен Нина Жмеренецкая
Асанәлі Әшімов отбасымен
Республика сарайы алдына кино саласына қызығатын қауым жиналды.
Кештің бас ұйымдастырушысы ретінде Венера Нигматулина жиналған қауымды қарсы алуда.
Кеште шет ел мамандарының көп болғаны қуантады.
Фестивальға 31 елдің 450 ұсынылған киноларының ішінен 55 фильм сұрыптап алынды. Олардың арасында 8 қазақстандық кино бар.
Фестивальдің бас директоры Венера Нигматулина жыл сайын фестивальға қатысатын киноның сапасы жақсарып келеді дейді.
Айта кетсек, биыл қызыл жолға Голливудтан жұлдыз шақырылған жоқ. Ұйымдастырушылардың айтуынша, биыл олар жұлдыз шақыруға кететін қаражатты жас таланттардың дамуына қоспақ.
Фестиваль "Препод" киносымен ашылады. Фестиваль кезіндегі кино көрсетілімдер мен семинарлар тегін болады.
Дайындаған және суретке түсірген: Сания Аринова