Саяхатқа дайындалу оңай шаруа емес. Жолға шығарда үйіліп жатқан киімді бір шабаданға сыйғыза алмай, одан соң оның бетін жаба алмай қиналсаңыз, бірнеше лайфхакқа көз жүгіртіңіз. Олар ұзақ жиналуды жағымды әрі жылдам етеді.
- Сапарға қажет заттардың тізімін алдын ала жасаңыз.
- Күнде киюіңіз мүмкін киімдерді бір-бірімен үйлестіріп көріңіз және суретке түсіріп алыңыз. Әр киім үлгісіне қажет аксессуарларға дейін ойластырыңыз. Сол кезде ештеңе ұмытпайсыз және демалу кезінде бір жерге шығарда уақыт үнемдейсіз.
- Заттарды жинайтын несессер (қаптар жинағы) алыңыз. Мысалы, аяқ киімге, шалбарға, жейдеге бөлек-бөлек қап алыңыз. Олар шабадандағы орынды реттейді және қажет затты жылдам табуға көмектеседі.
- Киімдерді ораңыз. Оралған киім аз орын алады және киімге қатты қыртыс қалдырмайды.
- Шұлықтар мен ішкі киімдерді аяқ киімге және сөмкеге салыңыз. Ол шабадандағы орынды үнемдейді және аяқ киім мен сөмкенің пішінін сақтауға көмектеседі.
- Қандай киім бірінші кезекте керек болуы мүмкін екендігін ойлап, оларды шабаданның бетіне салыңыз. Қалың және ауыр киімдерді шабаданның ең астына жіберіңіз.
- Әмбебап үлгілер таңдаңыз. Гардеробтың әр затын бірнеше киім үлгісіне келетін етіп алыңыз. Кез келген жағдайға келетін базалық киімдер мен бейтарап түстерді таңдаған жөн.
- Өте қажет заттарды қол жүгіне салыңыз. Сонымен қатар, қол жүгіне багаж жоғалған жағдайда қажет болытын қосымша киім жинағын алыңыз.
- Әртүрлі жағдайға арналған дәрілерді ұмытпаңыз.
- Егер киімдер шабаданға сыймаса, вакуум пакеттерді қолданыңыз. Ол киім көлемін 2-3 есеге азайтады.
- Барлық сұйықтықтар мен кремдерді міндетті түрде пакетке салыңыз. Егер олар кездейсоқ сынып қалса немесе аузы ашылып қалса, пакет киімдерді дақтан құтқарады.
- Ыдысы шағын косметика түрлерін алыңыз немесе арнайы travel-бөтелкелерге құйып алыңыз. Мұндай бөтелкелерге өзіңізге қажет болатын кремдерді немесе басқа да күтім құралдарын құйып алу арқылы шабаданнан орын үнемдейсіз.
- Төлқұжатыңыздың және басқа да кедендік бақылауға қажет бірнеше құжаттың көшірмесін жасап, қол жүгіне де, шабаданға да салып қойған артық болмайды.