- Негізгі бет
- Жаднама
- Сезім қай кезде...
Сезім қай кезде оянады?
Адамның сезімі туралы айта беруге болады. Себебі бұл нақты бір жауабы жоқ қасиет. Сезім – ең ұлы, ең керемет, ең тәтті құбылыс. Оның адам бойындағы ерекшелігі сол, сізді адастырады. Адастырып қайта жол тауып береді. Дегенмен сіз осы сезімнің қай кезде оянатынын білесіз бе?
Жалпы шығармашылық адамдар үшін сезімнің орны бөлек. Дегенмен жалпы қалыпты жағдайда сезімнің оянатын уақыты ымырт батып, күн ұясына кірген кезде оянады. Себебі күн көзінде жүріп сіз түрлі сұлулықты көресіз, бірақ ол жайында дәл сол кезде ойлана алмайсыз. Сағына алмайсыз, сезініп үлгере алмайсыз. Ал кеш батып, түн баласы болған кезде күні бойына жиналған құбылыстар жүрек түбінен оянып, адамға ерекше бір қасиет береді. Дәл осы кез сезімнің оянатын кезі.
Әсіресе түн ауып, ұйқы келмей мазасызданған кезде махаббат жайлы, біреу жайында ойлау санада пайда болады. Оны сіз арнайы немесе әдейі деп ойламайсыз. Ішкі жан дүниеңізден сыртқа атылып шығады. Үлкен қалаларда түн болса, түнгі клубтардың есігін айқара ашатыны секілді, адамның бойында түн ауған кезде керемет бір тәтті сезімге бөленуі үшін жүректің қағысы өзгеріп, көңілде алай-дүлей құбылыстар орын алады. Бұл сезімнің оянуы.
Cіздің сезіміңіз қай кезде оянады?
М. Ақан