Сенімнің күші

Сенімнің күші

Ауылдың шетіндегі дөң басына үй салып жатқан кісі құрылыс материалдары тиелген арбасын сүйреп жұмыс басына қарай жылжыды. Ол арбаны сүйреп қайқаңға келгенде тұрып қалады. Бұл өрден арбаны жалғыз сүйреп шыға алмайтынына әбден көзі жетіп тұр. Дәл осы сәтте жолда кетіп бара жатқан орта жастар шамасындағы кісі оған бұрылып: «Көмек керек пе? Итерісіп жіберейін бе?» деп білегін сыбанып, арбаға таяй берді. Ол кісі арбаның арт жағынан оған дем беріп: «Қайраттан, күшен!» деп тоқтаусыз айқайлап отырды. Олар көзді-ашып жұмғанша дөң басына да шығып үлгерді. Терін сүртіп жатып көмектескен кісіге рахметін айтты. Бірақ, көмек көрсеткен әлгі кісі: «Маған рахмет айпай-ақ қой, менің тіземде жел-құз ауыруы бар. Ештеңе күш түсірткізбейді. Мен тек ұраншы болып, саған дем бердім. Арбаны өзің сүйреп шығып кеттің ғой!» деді.

Арбаның иесі өзіне-өзі сенбегендей екі алақанын аударып-төңкеріп қарап қойды.

Дөң басына ешқандай күштің көмегінсіз арбаны сүйреп шыққан кісіге тек өзгелердің сенімі мен дем беруі күш-қуат бағыштады. Сенім өзіңнің өмір сүру ортаңды өзгертеді және өзің сенім артқан адамдардың өмірін де өзгертеді. Өзіне сенім арта алатын адамдар өзі тұстастарынан оқ бойы озық жүре алады. Себебі, өзіне сену мен өзгерлерге сену арқылы сол адамға дем беріп, жігерлендіру табысқа жетудегі кілттердің бірі.

Бірақ, әрқандай адамның өзіне деген сенімін қалыптастыру оңай шаруа емес. Қалыптасқан қасаң қағидалар мен кедергілер сізді еркіндіктен айыруы да мүмкін. Сіздің оларға бағынбай шараңызда қалмайтын сәттер жолығады. Өмірдегі жеңілістер мен келеңсіздіктердің бәрі адамдағы қабілет-қарымның төмендігінен емес, қайта айналасына және өзіне деген ең төмен шектегі сенімнің жоқ болуынан туындап жатады.

Өзіне сенудің өзін тәуекел ретінде бағамдауға болады. Ол адамның жігерін жасытудан сақтаудан басқа, осындай сәттерде тіпті де өршелене түсуіне көмектеседі.

Сенімнің күшін әрдайым төмен бағалауға болмайды. Ол табысқа жетудегі баспалдақ сияқты. Сенім – адамдық өмірдегі ең қарапайым ұлылық. Ол қарапайым адамдарға тіпті де мол күш береді.

 

Автор: Сұңқар Ақбоз

Сурет: picnic.com

M. Auelkhan