Көптен күткен сенбі де жетті. Аптаның бес күнінде жұмысқа, сабаққа баратын жандар сенбі күні түске дейін ұйықтап, ағзасын тынықтырады. Ұйқыдан тұрған соң, күніңіз бос өтпеуі үшін не істеу керек? Сенбі күнін қалай қызықты, пайдалы етіп өткізген жөн?
Саяхаттаңыз. Иә, жақын қалаға, ауылға, белгілі бір мекенге саяхат жасаңыз. Ол сізге жаңа әсер сыйлайды.
Суретке түсіңіз. Өзіңізді, достарыңызды, жүрегіңіз ұнатқан мекенді суретке тартыңыз. Бұл – уақыт өткен сайын құны арта түсетін бағалы естелік.
Ойнаңыз. "Жастық шақта ойна да, күл". Достарыңызбен, жаныңызға жақын жандармен бірге түрлі ойын ұйымдастыруға болады. Мысалы, мафия ойыны уақытты көңілді өткізуге, адамдарды жаңа қырынан тануға мүмкіндік береді.
Ойыңызды қағазға түсіріп, алдыңызға жоспар құрыңыз. Ойды жазу – адамның бойын жеңілдететін әдіс. Реніш, толғаныс, жүректегі сыр – тек өзіңізге ғана тиесілі. Оны қағазға түсіріп, артынан өртеп жіберсеңіз, бір серпіліп қалатыныңыз анық.
Оқыңыз. Көп сатылған әйгілі кітаптармен қатар, отандық жазушыларды да оқып шығыңыз.
Сенбіңіз сәтті өтсін!