- Негізгі бет
- Жаднама
- Сақтық па әлде...
Сақтық па әлде қорқақтық па: ең қорқақ жұлдыз белгілері
Біреулер үшін қорқақтық — бұл кемсіту немесе жағымсыз мінез. Ал басқалар үшін ол — тактика және стратегия.
Тоқты
Тоқтылар қорқақтық пен тартыншақтыққа жыны келеді және қалаған нәрсеге өз ерік-жігерімен жетіп үйренген. Алайда, мысалы, егер оған ұжым болып қысым көрсетсе немесе өзінің бұрын ұят жасаған әрекеті үшін жауапкершілікке тартса, бұл жұлдыз белгісі де өзін қорқақ секілді ұстауы мүмкін. Тоқтылар табиғатынан қорқақ емес, бірақ ол барлығына қарсы тұра алмайды және жиі көпшілік пікіріне сүйенеді.
Торпақ
Торпақ үшін бастысы — нәтиже. Ол «батылдық» және «қорқақтық» деп ойланбайды, ол үшін тек стратегия мен психология бар. Егер қандай да бір жағдайда ең өнімді шешім — қорқып, кейін шегіну керек болса, Торпақ солай істейді. Оған қоса, Торпақтар бекерге батырсынатын адамдарды шынымен де түсінбейді және іштей оларды комплекстері бар деп санайды. Торпақты қорқақ жұлдыз белгісі санауға бола ма? Жоқ, оларды ақылды деп айтқан дұрыс болар!
Егіздер
Егіздер қорқатын жалғыз нәрсе — жауапкершілік. Егер Егіздерді өз әрекеті үшін, әсіресе, ұялатын немесе ыңғайсызданатын әрекеті үшін жауап беруге шақырсаңыз, бұл жұлдыз белгісі қорқып кетеді. Бірақ ол қорқып қашып кетпейді, өзінің дарынын іске қосып, сөйлеп, барлық жауапкершілікті сізге аудара салады. Ал қалған нәрселердің бәрі — өзгерістер, тұрақсыздық, қаржылық құлау — Егіздерге қорқынышты емес. Олар бәрінен айырылуға және қайтадан басынан бастауға әрқашан дайын.
Шаян
Шаян — ең қорқақ жұлдыз белгісінің бірі және оның ең басты қорқынышы — өмірдің өзі. Шаян барлық нәрсені қауіпті санайды, ешқашан өз еркімен ешқандай авантюраға түспейді және басқаларды да ойлағанынан бас тартуға шақырады. Тіпті, жаңа елге саяхаттаудың өзі Шаянға қауіпті көрінеді.
Арыстан
Таңғалуыңыз мүмкін, бірақ Арыстандар туа біткен батылдар емес. Оны қорқақ жұлдыз белгілерінің біріне жатқызуға болады: ол басқалардан қолдау іздеп жүреді. Тәуекел әрекетке Арыстанды тек оған аударылған назар мен оған артылған сенім итермелей алады. Бұл жұлдыз белгісі өз-өзімен қалғанда қорқақтығын оңай мойындайды, бірақ біреудің алдында өзін ешқашан қорқақ етіп көрсетпейді.
Бикеш
Егер жалпылама түрде қарасақ, Бикешті қорқақ деуге келмейді. Бірақ әр Бикеште қорқатын нәрселерден тұратын шағын тізім бар. Көпшілік Бикештер үшін сондай тақырыптың бірі — аурулар. Жалпы бұл жұлдыз белгісі өкілдері түрлі фобияларға бейім. Бірақ бұл батылдық және қорқақтыққа қарағанда олардың сезімталдығы мен өзгермелі психикасына қатысты айтылған.
Таразы
Таразыларды қорқақ жұлдыз белгілеріне жатқызуға келмейді, бірақ оларды ең батыл деп те айта алмаймыз. Таразылар басқаларға қарап емес, жағдайға қарай әрекет етуге үйренген. Егер бәрі алға қарай жүгіріп бара жатса, ал негізі артқа бару керек болса, Таразылар батылдармен емес, өзінің жеке сценарийі бойынша әрекет етуді таңдайды. Біреулер мұны қорқақтық деп санауы мүмкін, бірақ Таразылар үшін бұл — рационалды әрекет. Кейде жағдай керісінше болуы да мүмкін: бәрі қорқып қалған жерде Таразылар өздерін күтпеген жағынан көрсетеді.
Сарышаян
Сарышаяндардың бүкіл өмірі айналасындағы адамдармен, жағдайлармен және тіпті, өз-өзімен күресумен өтеді. Бұл жұлдыз белгісі өзіне қорқақ болуға мүмкіндік бере алмайды. Олар дағдарысты жағдайда шешім қабылдау үшін ұзақ ойланбайды. Сарышаяндар — керемет стратегтер болғанымен, қауіпті сәтте шешімді ойланбастан қабылдайды және мүмкін салдарларын ойламайды.
Мерген
Мерген қорқақ жұлдыз белгісіне жатпайды. Ол өмірін компьютерік ойын ойнап отқандай сүреді: ештеңеден қорықпайды және үнемі сақтанып қалуға болады деп санайды. Мерген үнемі өзінің сәттілігіне сенеді. Бұл дұрыс стратегия емес деп ойлайсыз ба? Бірақ дәл Мергендердің жағдайында ол шынымен де іске асады, ал қорқақтық, керісінше, оларды тежейді.
Тауешкі
Күнделікті өмірде Тауешкі қорқақтыққа, оның ойынша, сақтыққа бейім. Бірақ бұл жұлдыз белгісі өзінің тәуекел етуге деген қажеттілігін спортта және әуесқойлығында толықтай қолданады. Тауешкілер арасында спорттың экстремалды түрін жақсы көретіндер көп. Бұл жұлдыз белгісі парашютпен секіріп, күшті эмоциялар сезінуі мүмкін, ал жеке және іскерлік өмірде оған адреналин қажет емес.
Суқұйғыш
Суқұйғыштың әрекетіне қарап, оның 9 өмірі бар секілді көрінуі мүмкін. Бұл жұлдыз белгісі тәуекелге баруға, ақымақ болып көрінуге немесе біреуді ренжітуге қорықпайды. Бірақ Суқұйғыштар кей проблемаларға дайын болмайды. Әдетте, оларда ешқандай қосымша жоспар болмайды, сондықтан дағдарысты жағдайда ол қорқып, қашып кетуі мүмкін.
Балықтар
Балықтарды ең батыл деп те, ең қорқақ деп те атауға келмейді. Олар күнделікті өмірде кедергісі аз жолдармен жүруді таңдайды және еш себепсіз батылдық көрсетуді жөн көрмейді. Бірақ шешуші сәтте, әсіресе, жақындарына қатысты жағдайда батылдық көрсетуге дайын.
А. Жапатова