Нумерологтардың ойынша, адамның дүниеге келу уақыты оның өмірінде маңызды рөл атқарады. Адамның табиғатына оның туылғаннан кейінгі екі сағатта қандай планетаның басым болғаны әсер етеді. Осы уақытты білу арқылы өзіңізді, потенциалыңызды және күшті жақтарыңызды білуге болады. Бұл туралы parents.ru сайтына нумеролог Алена Анисимкова айтып берді.
Түн
00.00 — 2.00
Бұл уақыт аралығында дүниеге келген адамдар білуге құмар келеді, олар жаңа ақпаратты оңай және рақаттана меңгереді. Олар белсенді, әзілді жақсы түсінеді, әрдайым жұрт назарында болуға тырысады. Олар үшін назарда болу маңызды: бұл олардың қабілеттерін іске қосады. Бұл уақыт аралығында туғандар жігерлі келеді және әдетте, өз жасынан жас көрінеді.
2.00 — 4.00
Еңбекке қабілетті адамдар. Алғыр, ешқашан өз мүмкіндігін жібермейді және әрдайым не қалайтындарын біледі. Жайлылықты бағлайды, сондықтан жеке ауқаттылық — негізгі мақсаттарының бірі. Себеп-салдарлы байланысты нақты түсінеді, сондықтан мақсат қойып, міндетті түрде оған жетеді. Мұндай қысым көпшіліктің көңілінен шықпайды. Бұл уақытта туылған адамдарда иемденушілік сезімі қатты дамыған.
Таңертең
4.00 — 6.00
Табиғатынан лидерлер, олар жиі басқарушы қызметте болады. Билегісі және басқарғысы келу олардың қанында бар. Егер ол жұмыста іске аспаса, ол жақындарына ауысады. Мұндай адамдарды шектеуге тырысудың қажеті жоқ, басты шарт — әрекет еркіндігі. «Мақсатты көру — оған қарай жылжу», «Келдім — көрдім — жеңдім» — мұның барлығы олар туралы айтылған. Олар өзінше, тәкаппар, өршіл. Тапсырмаларды орындауды ешкімге сеніп тапсыра алмайды, тек өз күшіне сенеді.
6.00 — 8.00
Бұл уақыт аралығында дүниеге келгендер жалғыз қалғанды, өз-өзімен болғанды жақсы көреді. Олар тұйық, жалғыздық оларға қауіпсіздік сезімін сыйлайды. Шынайы өмір мұндай адамдар үшін қауіпті және қатал. Олар жақсы интуицияға ие және адамның табиғатын жақсы түсінеді.
8.00 — 10.00
Сүйкімді және оңай бауырына тартып алады. Адамгершілік пен адалдықты жоғары бағалайды. Жиі әлсіздердің жағына шығады және мұқтаж адамдарға көмектеседі. Осындай адамдармен айналасындағылар бағалы нәрсесімен бөліседі, өз ойлары мен құпияларын сеніп айтады. Олардың тағы бір жақсы қасиеті — олармен сөйлескен адамдар өздерін маңызды және қажетті сезінеді.
10.00 — 12.00
Бірбеткей, ниеттеріне берік, қатал тәртіпке ие. Барлық әрекеттері нақты жоспарланған, кенеттен бірдеңе істеу оларға мүлдем тән емес. Эмоциялық тұрғыда ұстамды және жігерлі. Оларды абайсызда ұстап алу қиын, олар ренжітушіге дәлелді және жалтарма тойтарыс бере алады. Бұл уақыт аралығанда дүниеге келген адамдар өздерін іскерлік салада және саясатта жақсы көрсете алады.
Күндіз
12.00 — 14.00
Өмірлік ұстанымдарды ауыстыру, белсенділік және жаңа әсерлер алу — бұл адамдардың табиғатында бар нәрселер. Таныстық, білім алу, жаңа мамандықтарды меңгеру. Олар динамикалық өмір қарқынын жақсы көреді, консерватизмді және шектеулерді ұнатпайды.
14.00 — 16.00
Олар қиындықтарға қарсы тұра алады және оларды оңай жеңеді. Құлап жатса да, қайтадан көтеріледі. Олардың жігерлі қасиеті маңызды нәтижелерге және дұрыс қойылған мақсаттарға жетуге мүмкіндік береді.
16.00 — 18.00
Икемді, жоғары әдептілік сезімге ие, «өткір бұрыштарды» оңай айналып өте алады және басқалармен тез араласып кетеді. Олардың көпшілігінің басты мақсаты — екінші жартысын табу. Алайда көп жағдайда асығыс шешім қабылдайтындықтан ол сәтсіздікпен аяқаталады.
Кеш
18.00 — 20.00
Мінезі қатты адамдар, олар кез келген тығырықтан шыға алады. Олар басқалардың мүдделері мен қызығушылықтарын өзінікінен жоғары қояды. Бұл достық немесе іскерлік қарым-қатынасқа жақсы әсер етпейді.
20.00 — 22.00
Белсенді өмірді бағалайды және өмірден ләззат алуға тырысады. Олар жұрттың назарында болғанды жақсы көреді және шығармашылыққа жақын келеді. Осы уақыт аралығында дүниеге келгендер жиі театр, шығармашалық, сахна секілді салаларды таңдайды. Олар басқа адамдармен тез араласып кетеді. Қоғамда оларды жақсы көреді.
22.00 — 24.00
Ішкі гармонияны жақсы көреді, үнемі тыныштықты және өз-өзімен үйлесімділікті іздейді. Әдетте, сезімтал келеді. Ішкі тыныштықты көп ойлауы оның коммуникативті дағыларын тежейді. Олар баяу келеді.