- Негізгі бет
- Жаднама
- Регина Бретт: Өмір...
Регина Бретт: Өмір үйреткен 50 сабақ
Кливлендтен шыққан журналист Регина Бретт 2010 жылы өзінің бір мақаласында бұрын-соңды жазғанын жоққа шығарды. «Мен 45 жасқа келгенімде өмір үйреткен 45 сабақтың тізімін жасаған едім. 50 жасқа толғанымда ол тізіміме жаңа 5 пункті қостым. Оқырмандар оны электронды пошта арқылы таратып, келесі бір жолды қосып қойған екен: «Автор Регина Бретт 90 жаста». Ал мен дәл қазір 54 жастамын» дейді. Яғни соңғы жолды өзінің қоспағандығын айтады. Бұл 2010 жылы жазылған жолдар.
Қатерлі аурумен күресу барысында жинақтаған өмірлік тәжірибесін God Never Blinks: 50 Lessons for Life's Little Detours... деп аталатын кітабында баяндаған екен. Оны сіздер де оқып, баға беріңіздер:
1. Өмір әділетсіз болса да, жақсы.
2. Егер бір нәрсеге күмәндансаң, алға қарай тағы да бір қадам жаса.
3. Қысқа ғана ғұмырда біреумен ренжісіп жатудың қажеті жоқ.
4. Жұмыс сен ауырып жатқан кезде келіп қамқоршы болмайды. Мұның барлығын ата-анаң мен достарың жасайтындықтан, оларды бағалай біл.
5. Ай сайын қарызыңды несие картасының көмегімен төле.
6. Пікірталаста міндетті түрде жеңудің қажеті жоқ. Келіс немесе келіспе.
7. Жылаған кезіңде жаныңда адам болсын. Бұл жалғыз жылаудан әлдеқайда жақсы.
8. Жаратқанға ашулануға болады. Ол мұны түсінеді.
9. Зейнетақыңды алғашқы жалақыңнан бастап жина.
10. Мәселе шоколадқа келіп тірелген кезде қарсыласу мүмкін емес.
11. Болашағыңа кедергі жасамас үшін өткен өміріңді сол күйінде қабылда.
12. Балаларың жаныңда болған кезде жылауға болады.
13. Өз өміріңді өзгенікімен салыстырма. Оның шын мәнінде қандай күйде жүргендігін сен тіпті білмейсің.
14. Егер сезім жасырын болу керек десе, бұған араласпағаның жөн.
15. Көзді ашып-жұмғанша көп нәрсе өзгеруі мүмкін. Бірақ қорықпа, жаратқан еш нәрсені қалт жібермейді.
16. Ойыңды демалдырғың келсе, терең демал.
17. Күлкілі немесе әдемі, пайдалаы деуге келмейтін заттың барлығынан арыл.
18. Өлтірмейтін нәрсенің барлығы сені мықты етеді.
19. Бақытты балалық шаққа ие болу еш уақытта кеш емес. Алайда екінші балалық шағыңның қалай өтетіндігі тек өзіңе ғана байланысты.
20. Өзің ұнатқанның артынан еруден еш уақытта қорықпа.
21. Шамды жақ, ең жақсы деген көрпелеріңді жамылып, әдемі киім ки. Оларды еш уақытта ерекше жағдайға сақтама. Ол ерекше жағдай – бүгін.
22. Әр нәрсеге артығымен дайындал, артынша не болса да бәрібір.
23. Үнемі ғажап күйдің құшағында бол. Қызылды-жасылды киім кию үшін қартаюды күтпе.
24. Ең маңызды ағза бұл – ми.
25. Сіздің бақытыңыз үшін тек қана өзің жауап бересің.
26. Кез келген зілзала болған кезде мұның 5 жылдан кейін маңызы бола ма, жоқ па деп ойла.
27. Әрқашан өмірді таңда.
28. Барлығын және бәрін кешір.
29. Сен туралы өзгелердің не ойлайтыны ойландырмауы тиіс.
30. Уақыт барлығын емдейді.
31. Ситуацияның жақсы немесе жаман екені маңызды емес. Ең бастысы – ол өзгереді.
32. Барлығын көңілге алудың қажеті жоқ. Мұны ешкім жасамайды.
33. Таңғажайыптарға сен.
34. Жаратқан жаратушы болғандықтан сені жақсы көреді. Ол сенің не істейтініңді бірінші орынға қоймайды.
35. Өмірді танудың қажеті жоқ. Сен өмірге келесің де, кеткеніңше бір нәрсе жасап үлгересің.
36. Жастай өліп кеткенше, қартайған артық.
37. Сенің балаларыңның тек бір ғана болашағы бар.
38. Бұл өмірде тек махаббат қана мағыналы.
39. Күн сайын қыдыруға шық. Ғажайыптар әртүрлі жерде орын алады.
40. Егер біз бар қиындықтарымызды жинап, бір төбешікке үйіп, өзгелермен салыстыратын болсақ, қиындықтарымыздың түкке тұрмайтындығынан ұялатын едік.
41. Көреалмаушылық уақытты босқа шығындайды. Саған қажеттінің барлығы өзіңде бар.
42. Алайда ең жақсының барлығы алдыда.
43. Өзіңді қалай сезінетінің маңызды емес, киіміңді ки де, ел қатарына қосыл.
44. Көне біл.
45. Өмір сый қорабына салынбаса да, сыйлық.
46. Жазушы жазады. Жазушы болғың келсе, жазып үйрен.
47. Сұрамасаң, еш нәрсе алмайсың.
48. Өзіңе жанашырлық танытатындай өмір тым қысқа. Іске кіріс немесе өлімнің құшағына кір.
49. Діни жырларды оқы. Ол жерде адамгершілік туралы барлығы да жазылған.
50. Бүгінгі күнге мықтап жармассаң, кез келген қиындықтан өтіп кетуге болады.
Ал сіз Регина Бреттің айтқандарымен келісесіз бе?
Дайындаған: Томирис Сағындық
Сурет: вк желісінен
Қ. Бүйенбай