Расында, біз қандай адамбыз?

Адам – осынау жер шарындағы қадірі биік ең нәзік әрі ең әлсіз жаратылыс. Адам – Құдайдың ең ғажап туындысы. Жан мен жүректі жылататын да жұбататын да, күлдіретін де, қуаныш сыйлайтын да адамның өзі. Өмір сүретін ортаға, қоғамға өзгеріс енгізетін де адамның өзі. Жақсы қылатын да, жаман қылатын да – адам. Бүгін барсыз, ертең жоқсыз. Бар болғаны бақытты өмір сүруге ұмтылыңыз. "Адам бола білу – ең қиын мамандық" – дейді Х.Марти. Расында, біз қандай адамбыз? Бір сәт ойлануға уақыт табылады. Біз ұсынған мына даналық сөздерді бір оқып, өз жан дүниеңізге үңіліп көріңіз...

***

Жақсы адам барлығын өзінен іздейді, ақымақ адам оларды басқадан іздейді. 

Конфуций

***

Сіз туралы жаман ойлайтындар – сізден әлсіз адамдар. Мықты адамдар сіз жайлы ойлауға уақыттары жоқ.

Шарль Талейран

***

Ешқашан саған сенетін адамды алдама. Cені алдаған адамға ешқашан сенбе.

Бернард Шоу

***

Түкке тұрғысыз нәрселерді жүрекке қабылдай беретін адам – махаббатқа адал келеді. 

Лев Толстой

***

Ұяты бар адам иттен де ұялады. 

Антон Чехов

***

Адам ақылды болған сайын қарапайым келеді. 

Цицерон

***

Адам бәрiн керсiнше iстейдi. Үлкен болғысы келедi, сосын балалық шағы туралы ойлап күрсiнедi. Ақша үшiн денсаулығын құртып, денсаулығын дұрыстау үшiн ақшасын құртады. Болашағы туралы асыға ойлап, қазiргi өмiрiн керек қылмайды, сөйтiп не қазiргi, не болашақ өмiрi жоқ күй кешеді. Ешқашан өлмейтiндей өмiр сүрiп, ешқашан өмiр сүрмегендей өтіп кетеді. 

Пауло Коэльо

***

Өмірінде бір рет сатқындық жасаған адам, екінші рет оны міндетті түрде қайталайды. 

Майк Тайсон

***

Өмір сүрудің екі заңын білген адам бақытты болар. Бірі – не болса соны жей бермей, азығына талғаммен қарайтын жан; бірі – кім болса, сонымен дос болмай, айналысындағы достарын жөнімен таңдай білетін адам.

Омар Хайям

***

Әр адам — бір-бір жұмбақ. 

Шерхан Мұртаза

***

Жүрегі таза адам қиянатқа бармайды. 

Шәкәрім Құдайбердіұлы