- Негізгі бет
- Жаднама
- Психологиялық тест: басқалардан...
Психологиялық тест: басқалардан артықшылығыңыз қандай?
Психологиялық тесттер уақытты қызықты өткізуге көмектеседі. Ендеше, суреттен ұнап тұрған сөмкені таңдап, жауабын оқыңыз.
№1 сөмке
Бірінші болғыңыз келеді. Әрқашан өзіңіздің орныңыз үшін күресесіз. Жұмысқа көп күш жұмсайсыз. Басқалар сізді құрметтейді және бағалайды. Сіз өтірікті жек көресіз және өтірік айтқан адамды кешірмейсіз.
Сіздің артықшылығыңыз: ешқашан еңсеңізді түсірмейсіз, сенімді жоғалтпайсыз, өзіңізге сенесіз.
№2 сөмке
Жалғыздықтан қорқасыз. Адамдармен қызықты тақырыпта әңгіме айтқанды жақсы көресіз, бірақ отбасыны, үйді бірінші орынға қоясыз. Сіз отбасыңызда барлығы жақсы және жайлы болуы үшін қолыңыздан келгеннің бәрін жасайсыз.
Сіздің артықшылығыңыз: ашық адамсыз. Сіз өзіңізге де, біреуге де өтірік айтпайсыз.
№3 сөмке
Сіз өте қызықты адамсыз. Сіз тағдыр белгілеріне және бақытты сандарға сенесіз. Өткенді, қазіргіні және болашақты үйлестіре аласыз.
Сіздің артықшылығыңыз: жақсы көре аласыз. Сіз батыл әрекеттерге бара аласыз.
№4 сөмке
Сіз қатардың алды немесе арты болғыңыз келмейді. Сіз әрдайым ортасын таңдап жүресіз. Сіз үшін бастысы – жақсы көретін адамдарыңыздың сау болуы. Дана адамсыз.
Сіздің артықшылығыңыз: кез келген жағдайда не айту керегін білесіз. Өте орынды сөйлейсіз және даусыңыздың үні жағымды.
№5 сөмке
Сізге кеңістікті ұйымдастырған ұнайды. Бизнесте, үйде және жұмыста та сіз барлығын ұйымдастыруды білесіз.
Сіздің артықшылығыңыз: интуицияңыз жақсы дамыған. Адамдардың өтірік айтып тұрғанын аңғарып қоясыз.
А. Жапатова