- Негізгі бет
- Жаднама
- Президент бұйырған маңызды...
Президент бұйырған маңызды міндет
Сол күні қылшылдаған жас әскери дәрігер Даниел аяқ астынан бұйрық алды. Бұйрықта оның Ақ үйге тез жетіп, Линкольн президентке жолығып, президенттің маңызды тапсырмасын атқаруы керек екені айтылған еді. Даниел титтей де әрі-сәрі болмастан, Ақ үйге шұғыл аттанды. Жол-жөнекей Даниелдің қиялы қиырды шарлап кетті: «Әлдеқандай жоғары дәрежелі үкімет мансаптысы шұғыл науқастанып қалды ма екен?». Алайда, ол бұл мүмкіндікті жоққа шығарды, Вашингтондағы әйгілі шипагер мамандар санап тауысқысыз, қалайша олардың күні мендей бір атсыз-аяқсыз кішкентай әскери шипагерге түсе қалады? Жоқ, әлде, президенттің маңындағы достары, кеңесшілері мені көрсетті ме екен? Бұлай болуы да мүмкін емес. Өзінің ауыз толтырып айтарлықтай артықшылығы да жоқ, тіпті айтарлықтай мақтанатын табысы да жоқ. Басқасын қойғанда, танитын ең жоғары шенеуніктерінің өзі қатардағы подполковник қана болатын, ол мүлде президентпен тілдесетіндей жан емес еді. Мейлі, Даниел қалай ойлап көрсе де, Ақ үйге жеткенше өзінің нендей себеппен келе жатқанының байыбына бара алмады.
Линкольн президенттің алдында Даниел байсалды түрде құрмет сәлемін жасап, мәлімет берді:
– Мәлімет, президент мырза, әскери дәрігер, сержант Даниел бұйрығыңыз бойынша келіп тұр, президенттің тапсырма беруін күтемін, міндетіңізді адақтай алатыныма кепілдік беремін.
– Жас жігіт, абыржыма, – Линкольн қарсы алдындағы жігітке көз қыдыртты да күлімсіреп, – үйіңде кімдер бар еді? – деді.
– Мәлімет, президент мырза, жалғыз шешем ғана бар, – деді Даниел дауыстап.
– Е, ол кісінің хал-жайы көрім бе?
– Солай, президент мырза, өте жақсы.
– Сен ол кісінің жақсы тұрып жатқанын қайдан білесің? – деді Линкольн әлпетіндегі күлкінің лебі өшкіндеп, – Сен анаңа бір парша да хат жазып көрмегенсің, алайда, ол кісі маған бір парша хат жазыпты, – президент хатты Даниелге беріп жатып, – ол кісі жалғыз ұлын әлдеқашан майданда өлдіге жорып, күн сайын көз жасын көл етіп, лажсыздан маған хат жазып, сенің мәйітіңді атамекеніңе жеткізіп беруге қол ұшын беруімді өтініпті.
Даниелдің көзінен өкініш жасы парлап кетті, Линкольн қатулы бейнесін сәл жұмсартып, Даниелге қағаз, қалам беріп жатып:
– Дәл қазір менің көзімше, қызмет үстеліме отырып, шешеңе хат жаз, өзіңнің әлі тірі екеніңді, сондай-ақ барлық жағдайыңның жақсы екенін айт, бұл менің саған маңызды тапсырмам! – деді.
Оқи отырыңыз:
Дәріс текшесінің артындағы жауап
Бернард Шоудың қанатты сөздері
Б.Нұрмұқаш
Дайындаған: Сұңқар Ақбоз
Сурет: liveinternet.ru
M. Auelkhan