Әдетте, тұрмыста қолданып жүрген заттар жайында білгенмен, олардың сақталу мерзімін біле бермейміз. Біз күнделікті пайдаланып, лақтыратын заттар қанша уақыттан соң бұзылады екен? Соны бірге біліп көрейік.
Ас қалдықтары – 1 ай;
Картоннан жасалған қаптағыштар – 3 ай;
Темекі тұқылы – 12 жыл;
Сағыз – 60 жыл;
Чипс пакеттері – 80 жыл;
Полиэтилен пакеттері – 100 жыл;
Пластикалық бөтелкелер – 200 жыл;
Ал аллюминий банкілер 500 жылға дейін бұзылмай сақталады екен.
Сондықтан қалдықтар басқаларға (аң-құс) зиян келтірмеу үшін оны міндетті түрде орынды жеріне, қоқыс жәшігіне салып жүріңіз. Табиғатты таза ұстау әрбіріміздің міндетіміз екенін ұмытпаған жөн.