- Негізгі бет
- Жаднама
- Поезд жүрген сәтте...
Поезд жүрген сәтте қарап тұрудың себебі бар
Асыл арман арқалаған бойжеткен ұзақ жолға, қалаға шығып бара жатты. Оның бекетке төрт жігіт аттандырып салуға келіпті. Қыз олардың барлығының өзін сүйетінін білетін. Поезд қозғалуға жақындағанда қыз төрт жігіттің әлде нені айтпақ болып, айта алмай тұрған күйлерін аңғарып, маржандай тістерін жарқырата күліп: «Сендер мен қимай тұрсыңдар ғой?! Егер менің шынымен де қимай тұрсаңдаң менімен бірге жүріңдер!» дейді. Алайда, төрт жігіт аз уақытта ешқандай шешімге келе алмайды. Бірақ, поезд есігі жабылар алдында іштерінен біреуі секіріп шығып, қызды құшағына алды. Қыз қарсылық көрсеткен жоқ. Ол әлгі жігіттің иығына басын сүйегенде, көз жасы жігіттің жағасын дымдандырды. Ол екеуінің құшақтасып тұрғанан көрген үш жігіттің өкінуге де мұршалары келмеді. Поезд бекеттен ұзап бара жатты. Күдік пен аңтарылу арасында сүю әлде қашан үш жігіттің бойынан алысқа кетті.
Бір жылдан соң қалада әлгі қыз бен жігіттің үйлену тойы болды. Жігіттер қыздан: «Сен қай уақытта оған мақұл болып, бекімге келіп жүрсің?» деп сұрады. Қыз: «Оның басын бәй тігіп поездға атылып шыққан сол бір сәтінде» деп жауап берді.
- Мен сені қалжыңдап тұр екен деп ойладым, - деді біріншісі.
- Мен жұмыс орынымнан рұқсат алуым керек, сенімен қалай бірге кетемін, – деді екіншісі.
- Менің өте жақсы қызметім бар. Сенімен бірге кетуіме қалайда ойланып-толғануым керек шығар? – деді үшіншісі. Үш жігіттің барлығында өзіндік себеп бар. Бірақ, жүргелі тұрған поезд олардың себебіне бола әсте тоқтап тұрмайды. Орайы келсе төрт жігіттің де қызды қарпып түсуі мүмкін еді. Бірақ оған нағыз махаббат, өжеттік, құрбан берудің де кем болмауы керек. Өмірде поезд жүріп кеткеніне қарап қалғандай амалсыздық пен ыңғайсыздық жайы бастан өткізу қанша аз болса, сонша жақсы. Шынында адам өмірінде ие болатын немесе жоғалтатын нәрселердің барлығы сол бір поезд қозғалған лездік уақыттағыдай қысқа мерзімде белгіленіп қояды.
Дайындаған: Мейіржан Әуелханұлы
Сурет: voxpopuli.kz
M. Auelkhan