- Негізгі бет
- Жаднама
- Пластикалық ыдысты қолданбағаныңыз...
Пластикалық ыдысты қолданбағаныңыз жөн
Тайваньның Гаосюн университетінің ғалымдары пластикалық ыдыстарды қолдану адам денсаулығына зиян келтіретінін дәлелдеді.
Олардың пікірінше, ыстық ас пластикалық ыдыстың меламинін (суда ерімейтін түссіз кристалл) арттырады екен. Ал меламин адамның бүйрегіне ауыр зақым келтіреді.
Зерттеу барысында мамандар екі топтағы адамдарды бақылаған. Бірінші топтағы адамдар пластикалық ыдыстан тамақтанған, екінші топтағы адамдар керамикалық ыдыстан ас ішкен. Тамақтанып болған соң олардан анализ алған. Қорытындысында пластикалық ыдыстан тамақтанған адамдардың денесінен 8,35 мкг улы зат табылса, керамикалық ыдыстан тамақтанғандардың денесінен 1,3 мкг меламин табылған.
«Пластикалық ыдыста жоғары температуралы тағам болса, онда ол көптеген улы заттарды бөледі. Сондықтан да мүмкіндігінше мұндай ыдыстарды пайдаланбағандарыңыз жөн», - дейді Гаосюн университетінің докторы Чиа Фанг Ву.
Дайындаған: Уалихан Қосанбай
Сурет: liveinternet.ru
Ю. НИКУЛЛИН