Пікірталас кезінде жеңіске жеткіңіз келе ме?

Қоғамдық орта, достар арасында пікірталасқа түсіп, жеңіліс табу абыройдан айырылғанмен бірдей. Себебі сіз өзіңізге өзіңіз жауап бере алмайсыз деген сөз. Ал бұл жағдай болмас үшін не істеу керек, жеңу үшін қандай амал-тәсіл қарастыру керек? Жауабын білгіңіз келсе асықпай осы кеңестерді оқып шығыңыз. 

Сократтың әдісін пайдаланып көріңіз 

Бұл әдіс ескі болып кеткенімен, әлі де болса көмегін тигізері анық. Сократтың әдісі – пікірталас тудыруға жеткізетін жағдайға және оған апаратын сұрақтарға бір жақты емес, жан-жақты қарау. Мәселен сіз кешке асқа ерте баруыңыз керек еді, бірақ үлгере алмадыңыз. Себебі жұмысыңыз түнгі екіде аяқталды. Есіктен кірген кезде сізді үлкен ұрыс күтіп тұратыны анық. Ал бұл жағдайда сүттен ақ, судан таза болып құтылу үшін не істеу керек? Қарсы беттегі адаммен жанжалға барғанша есіктен кіре салып: «сен қазір не ойлап тұрсың?» немесе «менің қалай істегенімді қалап едің?» дейтін екі сұрақты өзіне қойып қалыңыз. 

Бұл әдіс екі деңгейде қарастырылады. Біріншісі, қарама-қарсы бағыттағы адам сізге өзінің ішкі көңіл-күйін жеткізуі мүмкін. Ол сізге ұнауы да, ұнамауы да мүмкін. Ал екінші жағынан бұл сіздің сөз тыңдай білетініңізді және сабырлық танытуға шебер екендігіңізді көрсетеді. 

Жақсы сөз жарым ырыс

Иә, қазақ бұл сөзді тегінен бекер айтпаса керек. Себебі адам пікірталасқа түскен кезде тілінен шыққан сөзге жауап бере алмай қалады. Себебі оның бірінші ішкі жан дүниесінде ызаның оты тұтанады да адам не айтып не қойғанын аңғармайды. Сондықтан барынша сабырлық танытып, жақсы сөз сөйлеңіз. Бұл қарсы бағыттағы адамды да сізді де тыныштандырады. Мәселен «өтінемін», «көмек керек пе», «ең кереметі», «мархабат» деген сынды сөздер. 

Сөзіңізге ғана емес, әрекетіңізге де мән беріңіз 

Пікірталас кезінде адам көзіне қарап сөйлеу шындықты айту дейтін ұғымды бермейді. Себебі көз жанары ұрысты әрі қарай жалғастыруға себепкер. Сондықтан көзбен атысқаннан гөрі қарсы бағыттағы адамның әрекетіне қарай қимыл жасаңыз. Көзіне қадалып алудың қажеті жоқ. 

Жеңіске бастайтын әдіс 

Бұл әдісті қолдану үшін аса қарапайым және білікті болу керек. Себебі сіз бұл әдіс арқылы ең соңында міндетті түрде жеңімпаз боласыз. Бұл әдіс «бірінші ұсыныс жасау» деп аталады. Яғни пікірталас кезінде қарсы бағыттағы адамға ең бірінші болып ұсыныс айта отырып, жақсы пікірін және пайдалы кеңесін тыңдау. Оған сіз сөйлеуге рұқсат бере отырып ойыннан жеңімпаз болып шығасыз.