- Негізгі бет
- Жаднама
- Пайдалы кеңес: дәл...
Пайдалы кеңес: дәл қазір пайдаланыңыз
Пайдалы кеңестерді пайдаға асыра білу де маңызды. Бірақ кейбір кеңестер ұзақ оқуды талап етіп, ойдың шашырауына алып келеді. Ал біз сізге қысқа әрі нұсқа кеңестерді ұсынамыз.
Қызбен танысып, оның жасын білгіңіз келсе жасын сұрамаңыз. Себебі бұл қыз үшін ыңғайсыз болуы мүмкін. Сондықтан оның жұлдызнамасын сұраңыз және есептеңіз.
Егер ыстық шайды немесе кофені тез суытқыңыз келсе ішіне 3-4 шай не үлкен қасық салып қойыңыз.
Сіз білесіз бе, спагеттиді бір-ақ адамға жеткілікті етіп жасау үшін қарапайым пластикалық бөтелкенің ауызына сиятындай етіп өлшесеңіз, дәлме-дәл бір адамға арналған спагеттидің мөлшері шығады.
Егер табаны қыздырған кезде тұзды бірге салсаңыз, тамақ дайын болған кезде асты жабыспайды.
Жолға шығып жатсаңыз «не алуым керек еді?» деп сұрақ қоймаңыз. «Мен нені алмасам, жүре алмаймын?» деген сұрақпен дайындалыңыз. Дәл осылай сіз қиындықтан құтыласыз.
Егер топтық суретке түскен кезде біреулер көздерін жұмып қалмау үшін, бәрінің алдымен көзім жұмғызып, үшке дейін сананған кезде көздерін ашуды сұраңыз. Көмектеседі.
Егер қызға қандай сыйлық жасайтыныңызды білмесеңіз, оған сыйлық алып қойғаныңыз жайлы айтып, оның не екенін қыздан сұраңыз. Қыз өзіне ұнайтын заттарды айта бастайды. Ал бұл сізге мүмкіндік.
Сөмкеңіздің ішіне жағымсыз иіс сіңбес үшін немесе иіс ендігі сіңіп қойған болса, 2-3 қалташа шайдың самасын салып қойыңыз.
Егер таңертең ұйқыдан оянып, бірақ қайта ұйықтауға көңіліңіз тартып тұрса, көзіңізді бар күшіңізбен 20 секундтай жұмып қайта ашыңыз. Қайта жатқыңыз келмейді. Тексеріп көріңіз!
М. Ақан