- Негізгі бет
- Жаднама
- Өзіңді дамытудың бір...
Өзіңді дамытудың бір қадамы – өзіңе талап қою
Өзіңді дамыту – адамның өз-өзімен жұмыс жасауға, зияткерлік, рухани және физикалық салада дамуға, тұлғалық қабілеттерін жетілдіруге және дарынын ашуға дайын болуы. Өзіңді дамыту – кез келген уақытта тоқтата салуға болатын хобби емес. Ол үздіксіз процесс.
Кез келген курстар, жаттығулар, кітаптар немесе фильмдер қандай да бір пайдасын беріп, сізді алға қарай жылжыту керек. Әйтпесе, оларға жұмсаған уақытыңыз бекерге кетіп, алған біліміңіз бен дағдыңыздың пайдасыз болғаны.
Өзіңді дамытудың бір қадамы – өзіңе талап қою. Талап қою өмірдің кез келген саласына қатысты: спорт, тамақтану, кәсіби мансап, үй жұмысы, қаржы сұрақтары. Бұл тәжірибенің мәні – үйреншікті істердің арасынан қалауыңыз бен дарыныңызды еске алу.
Талап қою:
- Қажет емес әрекеттерді қойып, басым істерге назар аударуға үйретеді;
- Миды ынталандырады;
- "Жайлы аймақтан" шағарады;
- Тәртіпке үйретеді;
- Келесі ерлік жасауға энергия сыйлайды.
Бір ай бойы күнде жасауға болатын идеялар тізімі:
1. Теледидар қоспау
2. Жұмысқа велосипедпен бару
3. Кофе немесе энергетикалық сусын ішпеу
4. 30 шетелдік сөз үйрену
5. Барлық шығынды жазып жүру
6. Ұйқыдан (демалыс күндері де) әдеттегіден 30 минут ерте тұру
7. Айналадағы адамдарға қошемет сөздер айту
8. Жұмысқа тамақты үйден пісіріп әкелу
9. 1 сағат жаяу жүру
10. Ешкімді (өзіңізді де) кінәраттамау
11. Бір керек емес заттан лақтыру
12. Ұйқыдан тұрған бойда 1 стақан су ішу
13. Жаңа тағам пісіру
14. 5 қызықты идеядан ойлап табып, жазып жүру
15. Күні бойы орын алған 3 қуанышты оқиғаны жазу
Мына істерді жүрек қалауына қарай істеуге болады:
1. Туған қалаңызға немесе тұрып жатқан қалаңызға экскурсия жасау
2. Кез келген кастингке бару
3. Өзіңіздің қолыңыздан жақсы келетін нәрсені біреуге үйрету
4. Көлік айдап үйрену
5. Үйге толық тазалау жұмысын жасау
6. Қажет емес заттарды сатып жіберу немесе таратып беру
7. Атақты адаммен селфи жасау
8. Танымайтын топтың концертіне бару
Ал мынау қиын тапсырмалардан қорықпайтын адамдарға арналған идеялар тізімі:
1. Марафонды жүгіріп өту
2. Кітап жазу
3. Жылдам оқу бойынша курсты аяқтау
4. Онлайн-курстан өту
5. 52 кітаптан тұратын тізім жасап, бір жылда оқып бітіру (аптасына 1 кітап)
6. "Мейірімді істер" марафонын ұйымдастыру
Өзіңізге талап қою кезінде алғашқы уақытта ыңғайсыз, қызықсыз, қуанышсыз және қорқынышты болады, бірақ кейін барлық негативті сәттер бір жағымды әсерге жинақталады. Әр сынақтан соң басқаша – мықты, батыл, креативті, мақсатты бола түсесіз. Өзіңізді жеңгеніңізді түсінген кезде одан да көп энергия мен күшке бөленесіз.
А. Жапатова