Өзімізге деген сенімді арттыратын қанатты сөздер

Өзімізге деген сенімді жоғалту арқылы көп қиыншылыққа тап болуымыз мүмкін. Бұл қиыншылықтар сабақтан, жұмыстан, тіпті достармен бірге өткізген қызықты сәттерден ләззат алуға кедергі жасайды. Осындай жағдайға тап болмас үшін, өзіңізге сенімділікті қайтарудың жолдарын іздеңіз. Алғашқы қадамды төмендегі қанатты сөздерді оқудан бастауыңызға болады. 

1. Бір нәрсені бастау үшін ұлы адам болу міндетті емес, бірақ ұлы болғыңыз келсе, бастау – сіздің парызыңыз.

Зиг Циглар

2. Өзгелердің пікірі сіз үшін шындыққа айналмауы тиіс.

Лес Браун

3. Жаратқанға сенім секілді, өзіңізге деген сенім де көп ғажайыптар жасай алады.

Оноре де Бальзак

4. Күмәнді шындықтан, нанатын өтірік артық.

Януш Вишневский

5. Ұлы шешімнің бастамасы өзіңізге деген сенімділікте жатыр.

Самуэль Джонсон

6. Бойымыздағы сенімділік, өзгелерге де сеніммен қарауға көмектеседі.

Франсуа де Ларошфуко

7. Өзіне артық жүк арқалайтын адам көп іс тындырады.

Вильгельм Гумбольт

8. Тапсырманы емес, оның шешімін көбірек ойлаңыз.

Зедд

9. Өзіңіздің бірегей екендігіңізді мойындаған кезде өзгелердің бұл ойыңызбен келіспеске амалы болмайды.

Вадим Зеланд

10. Өзіңізге деген көзқарасыңыз, өзгелердің пікірін өзгертеді.

Соня Фридман

11. Еш уақытта үнсіз қалмаңыз. Құрбанның рөлін сомдаудан аулақ болыңыз. Өміріңіз жәй ғана қабылдай салудан құралмағаны жөн.

Харви Файнштайн

12. Дәл қазір қолыңызда өмірдің қиын-қыстау кезеңіне төтеп беруге көмектесетін дүниенің барлығы бар.

Брайан Трейси

13. Адамның ойы ұшқыр болатындықтан, санаңызды ұлы ойлармен қоректендіріңіз.

Бенджамин Дизраэли

14. Өмірдің сізден не күтетіні туралы сұрамаңыз. Тек тірі жүру үшін ненің көмектесетінін біліңіз. Артынша сол іспен айналысыңыз. Өйткені әлемге өмірге құштар адамдар керек.

 Ховард Вашингтон Турман

15. Өмірде тек өзіңізді түбегейлі өзгерте аласыз.

Олдос Леонард Хаксли

16. Бұл өмірде сіз махаббатқа лайықсыз.

Будда

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: вк желісінен