• 521.98
  • 490.7
  • 5.16

Өзім деп өмір сүр

Өзім деп өмір сүр

"Күніне 4 сағат жұмыс жасау және миллионер атану" немесе "10 сағатқа тәртіп жүргізу" секілді кітаптарды қатты жақсы көретініміз неліктен? Неліктен құмарлана оқиды екенбіз? Стивен Ковидің бір берген кеңесін сағаттар бойына тыңдауға бармыз ғой. Ең көп оқылған жазбалардың дені көпшілігінің тақырыбы өзіңді-өзің дамыту мен өсіп-өнуге арналған болып отыр. Осы тұста өз-өзімізге сұрақ қойып үйрендік пе?

Себебі біреу-ақ, көпшілік адамдар саналық тұрғыда немесе санасыздықпен өз өмірлеріне жиі налып, өзді-өздеріне разы болмай жатады. Өмірлерінің өзгергенін қалайды, толыққанды бір өзгерістің орнағанын күтеді. Өзгелер жеткен жетістік пен қалай өзгергендері турасында оқып, өмірлерін өзгертуде дайын өнімдерді іздейді. Және көп кітаптар, газет-журналдар оқырмандарға толыққанды кеңестерді бар нәтижелілікті көрсете отырып, беруге тырысады. 

Сосын, өз кезегінде бір сұрақ өздігінен туындай қалады - неге онда бұл кеңестер жүзеге аспайды? Неге әбден мұқият екшеуден өткен әдіс, кеңестер аз пайда әкеліп, өмірді толыққанды өзгертуде жүздің бір пайызы болып шыға келуде? Қарап тұрсаң, барлық айтылған ақыл-кеңестер бір-бірінен өткен сотқар, жұлқынып-ақ тұр емес пе?! Көпшілік әдістер  - ақиқат әсер етеді. 

Бірақ, біз қайта-қайта оқимыз, тыңдаймыз, көреміз және міне, міне саналылық келіп, Жетістіктің бар Құпиясы ашылады деп үміттенеміз. Соған қарамастан, тың жаңалықтың айтылмайтынын ішіміз сезеді, барлық әдіс, тәсілдің соңында бір негіздегі қағидалар жатқан болып шығады. 

Әрине, тізе шықсақ?

  1. Біріншісі және бастысы – істеңіз. Әрекет етіңіз. Жоспарлау - бұл маңызды, бірақ, әрекет ету әлдеқайда маңыздырақ.  
  2. Бір ізді болыңыз және әдіс-тәсілді қолданыңыз.
  3. Қайраттылық танытыңыз. 
  4. Ең маңызды тапсырмаларды айқындап, оларды шешіңіз, күнделікті қарбаласпен кетіп қалмаңыз. 
  5. Әрекеттің еліктеушілік түріне түсіп қалмаңыз (іскерлік түр көрсету қармағы).
  6. Үнемі дамыңыз, жаңаны тоқыңыз, қолыңыздан не келеді, соны жандандырыңыз. 
  7. Сосын, соңында, ең бастысы, өмірдің сізге жүктеген міндетін табыңыз. Мақсат, борыш, қалай деп атасаңыз да, өз еркіңіз, бірақ, табыңыз және соған ұмтылыңыз. 

Қалған барлығы, ұзын ырғасы, екінші кезектегі толықтырушы техника, жұмыс уақытының ұжымдастырудың әдіс-тәсілдері, кеңістік пен ерік-күшіңнің жаттығуы.

Біздер кезекті өмір тұтастылығы жайлы кезекті бестселлерді қолға алып оқимыз, сосын қайтара көңілімізді көншітпейтін тіршілікке қайта ораламыз. Неге? Сұрақ көп... Менің ойымша, біз маңызы зор бір нәрсені ұмытып кетеміз. Кез келген кітап пен мақала артында жеке өмір оқиғасы тұрады. Мәнге ұмтылсақ, өзгелердің жетістігі туралы өмір оқиғасын өзімізге қолданып көру үшін оқимыз. 

Міне осы тұста (назар салыңыз!) біздер қақпанға түсеміз, сонысы үшін кеңестер жүзеге аспайды, ал әдістер орындалмайды. Себебі, жетістікке жетіп үлгерген өзгелердің өмір оқиғасын біздер арман-мақсаттарымен қоса қолданып көруге тырысамыз. Бірақ, бір ақиқатына үңілсек, бұл сіздің емес, олардың мақсаты; сіздің емес, солардың тағдырлары.

Өзіңізге сұрақ қойып көріңізші - соңғы рет қашан шындап тұрып жеке өміріңіздің мән-мағынасы туралы ойланып едіңіз және осы бір ойларыңыз күнделікті күйбең мен көлік сатып алу, демалысқа шығу, тағысын тағы толып жатқан ниеттенулерден қаншалықты арылып көрді?

Шындығы сол, көп емес? Ал егер үлкен бір маңызды нәрсе туралы ойлану керек болса, онда ой ұшқындары ыңғайсыздық сезімімен ере жүрді ғой. Сол арада салмағы жоқ, қымсынатын бір нәрсені ойлағандай күй кешкендей шығарсыз.  

Бұл тұста өмірдегі орнымыз туралы салмақты ойлауға үстірт қарайтын біздегі ғаламат әдіс іске қосылады. Маразматикалық оғаш пікір жайлы ойланыңыз - біздер өмір жолымызды айқындауда өз-өзімізге сенім танытуға қорқып, бірақ, өзгелерді ес кете оқып, өмір жолымызды нұсқайды деп күтеміз. Ал білесіз бе, өзегелердің сізден айырмашылығы? Бар шындық, олардың өз-өздеріне сенгені. 

Кемелдікке жетуде бізді күтіп тұратын бұл бірінші қақпан. Сосын, екіншісі бар, оның да жетісіп тұрғаны шамалы. Біз бір ілімді мұқият оқып, тиімділігін меңгереміз, таңертең ерте тұрып, кеш жатуға үйренеміз, бүгінгі күннің ең маңызды істері айқындаймыз және... Және сол ғана. 

Біз мұның бәрін өзімізге неге керектігін түпкілікті түсінбейміз, солай болғандықтан, не үшін және неге екенін білместен бір нәрсені өзгертуге тырысамыз. Өзгерту тілегі қараңғы, тұжырымдаусыз қалады. Күндер өтеді, басқа күн туады, тыраштанудың мән-мағынасы жолдан тайып, ал айналамыздағы әлем сол баяғыша жабырқаңқы, жабырқаңқы болып қала береді. Және, тіпті, егер жұмысқа қабілеттілік артып жатса да, "неге" деген сұрақ өліп кеткен арғы ата-бабаңыздан бастап, болашақ ұрпақтарыңыздың демі аралығында қоңыраулатып тұрып алмақ.  

Және біз жаңа, тың жаңа әдістерді іздестіріп, көшбасшылар мен жетістікке жеткен адамдардың мінез-құлық модельдерін үйреніп, әр жолы зымыраған уақытқа таңданыспен қарап, күн мен түннің аяқталып келе жатқанын білетін боламыз. Ал бастағы мида сол уақытта "қайырымсыз қырсық уақыт" сөзі дүркін-дүркін атой салмақ. 

Құттықтаймын, бізді екінші қармақ қапты. Бірақ, біреудің қолынан бәрі келуде, ендігі біреу өзгеріп, өсіп-өніп, жаңалықтар ашып, керемет ғажап жобаларды қолға алып, сәтті бизнес құрып жатыр? Және сол бір "біреу-міреудің" сосын айтып, жазатыны - маған мыналардың, аналардың кеңесі көмектесті, мен өз ұстазыма, бапкеріме, тағысын тағыларға...

Ендеше, сіз бен олардың арасындағы айырмашылық?

Менің ойымша, әңгіме тек қана шығармашылық бап пен ыңғайда ғана емес. Осы бір адамдардың бірде-біреуі (көшбасшылар мен жетістікке жеткен адамдар) стереотиптерді жоюдан қорықпады және сол сәтте керемет қажеттілікке айналған нәрселерді айналадан жинап алуға қысылмады. Танымал жандардың жетістік жолдары мен көшбасшылардың биографиясын, кітап авторларының кемелдік турасындағы алғысөздерін оқып көріңіз. Назар аударыңыз, бұл адамдардың қаншалықты өзгеше екендігін. Бұл адамдардың ішінен ұялшағы да, батылдауы да, пысықайы да, сүйкімдісі де табыла кетеді. Бұл адамдардың барлығының басын қосатын бір-ақ нәрсе - олар өз жетістіктерінің өлшем белгілерін (критерий) өздері айқындаған. 

Түсінесіз бе, бар қулықтың неде екенін? Жетістікке жету үшін адамның қандай болуы керектігі олар үшін айқындалмаған, ал керісінше - өзі үшін жетістіктің не екенін адамның өзі шешкен. Жетістікке жетуші адамдар өздерінен басқа ешкімге өз жетістіктерінің өлшемін шығаруға жол бермейді. Олар өз бастарының координат жүйесінде өмір сүреді және білуге, үйренуге болатын ең басты нәрсе осы.

Сол себептен, өміріңізді жақсы жаққа өзгертетін кезекті он ережені меңгерместен бұрын, алдымен өзіңіз үшін "ең жақсысын" анықтап алыңыз? Қолайлы, тыныш, біртұйық өміріңізді не үшін, не мағына үшін өзгерткелі жатырсыз?

Бұл біз білетіндей аса қиын емес сияқты. Тек қана, алдымен теледидар мен радионы өшіріңіз де, еш жағдайда солардың ішінен кеңес ететін доктор-митанушыны тыңдаушы болмаңыз. Оларға берілген тапсырма басқа - сізге еселетіп қажетсіз заттарды сатып алдырту. 

Ал біз екеуміз мүлде басқа нәрсені қалаймыз ғой, дұрыс па? Ал ең басты қалау - шешім қабылдау тек бір өзіңіздің ғана қолыңызда. Біздің мақсат, сұрақтарды қисынға келтіру ғана? 

сурет:myspace.com

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Л. Лига