Адам жаны үнемі өзгерісті аңсайды. Ендеше мына кеңестер өміріңізді өзгертуге үлес қоса алады деп үміттенеміз.
Айнаға қарап тұрып жымиыңыз. Жарты күнге телефоныңызды өшіріп тастаңыз. Күнде тамақтанып жүрген орныңызды ауыстырыңыз, басқа тамақтану орнына барып көріңіз. Жақын адамыңызға күтпеген жерден сыйлық жасаңыз. Күн сайын кітаптың 15 бетін оқыңыз. Сән салонына барып, имиджіңізді өзгертіңіз. Табиғат аясында серуендеңіз. Иісі мүлде бөлек (өзіңіз қолданып жүргеннен басқа) әтір сатып алыңыз. Сән әлеміне енген, трендке айналған әдемі киімді киіңіз. Өз-өзіңізді бояндырыңыз. Бөлмеңізді өзгертіп, жиһаздардың орындарын ауыстырыңыз. Ерте тұрыңыз. Қонақ күтіңіз, қонаққа барыңыз. Өзіңіз бұрын жасап көрмеген тамағыңызды пісіріп көріңіз. Көптен бері шет тілін үйренгіңіз келіп жүрсе, дәл қазір бастаңыз. Қажетсіз заттарды қайырымдылық қорларына өткізіңіз. Қолдан бұйым жасаңыз. Бәрі айтып жүрген қызықты киноны сіз де көріңіз. Үнемі соңғы жаңалықтан хабардар болып отырыңыз. Компьютерді тек оқуға пайдаланыңыз.