- Негізгі бет
- Жаднама
- Өзгергісі келетін жанға...
Өзгергісі келетін жанға арналған 20 кеңес
Фото:
Usiter.com
Адам жаны үнемі өзгерісті аңсайды. Ендеше мына кеңестер өміріңізді өзгертуге үлес қоса алады деп үміттенеміз.
- Айнаға қарап тұрып жымиыңыз.
- Жарты күнге телефоныңызды өшіріп тастаңыз.
- Күнде тамақтанып жүрген орныңызды ауыстырыңыз, басқа тамақтану орнына барып көріңіз.
- Жақын адамыңызға күтпеген жерден сыйлық жасаңыз.
- Күн сайын кітаптың 15 бетін оқыңыз.
- Сән салонына барып, имиджіңізді өзгертіңіз.
- Табиғат аясында серуендеңіз.
- Иісі мүлде бөлек (өзіңіз қолданып жүргеннен басқа) әтір сатып алыңыз.
- Сән әлеміне енген, трендке айналған әдемі киімді киіңіз.
- Өз-өзіңізді бояндырыңыз.
- Бөлмеңізді өзгертіп, жиһаздардың орындарын ауыстырыңыз.
- Ерте тұрыңыз.
- Қонақ күтіңіз, қонаққа барыңыз.
- Өзіңіз бұрын жасап көрмеген тамағыңызды пісіріп көріңіз.
- Көптен бері шет тілін үйренгіңіз келіп жүрсе, дәл қазір бастаңыз.
- Қажетсіз заттарды қайырымдылық қорларына өткізіңіз.
- Қолдан бұйым жасаңыз.
- Бәрі айтып жүрген қызықты киноны сіз де көріңіз.
- Үнемі соңғы жаңалықтан хабардар болып отырыңыз.
- Компьютерді тек оқуға пайдаланыңыз.