- Негізгі бет
- Жаднама
- Ойлағаныңыз орындалсын десеңіз...
Ойлағаныңыз орындалсын десеңіз — сеніңіз!
Сенім – адам баласының ең нәзік тұсы. Әр істеген ісіңізге деген сенімділік сізді алға жетелейді. Ал сенімді қалыптастыру үшін біреуден білім іздеудің қажеті жоқ. Тек қана өзіңізден бастаңыз. Әлемді өзгерткіңіз келсе өзіңізден бастаңыз. Бұл – сіздің өзіңізге деген сенім, ал сіз өзіңізге сене білсеңіз, әлем сіздің артыңыздан ереді.
Біз күнделікті өмірде өзімізге сенбейміз. Өйткені біздің санамызда «менің қолымнан келмейді» деген ұғым қалыптасып қалған. Бұл тіпті екінің бірінде болатын жағдай. Ал одан құтылуды ойлайтын, осынау ұғым дертінен арылғысы келетіндер санаулы ғана. Тек сол санаулылардың санына қарағанда, сапасы артық болады.
Сырқаттанып қалсаңыз, сізге ең бірінші көмекке келетін, әрине, дәрі-дәрмек. Бірақ дәрі сіздің физикалық дүниеңізді қанағаттандырғанымен жаныңызды емдей алмайды. Ал сол дәріні ішіп жазылып кетемін деу бұл – СЕНІМ!
Оқуда озат болу, білімді әрі ғылымды игеру – сіздің негізгі парызыңыз. Дегенмен сол білімді алу санаңыздың жетістігі болғанымен, одан нәтиже шығару, белгілі бір шыңды бағындыру – СЕНІМ!
Алға қойған мақсатыңыз – баю. Бірақ сіз сол жолда көптеген қиындықтан өттіңіз. Өйткені тегін ақшаның жерде жатпасы тағы белгілі. Арада біраз уақыт өткен кезде сіз мыңдаған кедергіден өтіп, жеңіске жеттіңіз. Бұл сіздің қажырлы еңбегіз. Ал байып кеткеніңіз – о бастағы «мен бай боламын» деген СЕНІМІҢІЗ!
Сенім – руханияттың ең биік жері. Сіз өзіңізге қанша ғұмыр берілгенін білмейсіз, бірақ таңертең тұрып «сабаққа немесе жұмысқа бару керек» дейсіз, бұл да – СЕНІМ!
Ғалымдар зерттей келе, мына тұжырымға көз жеткізген. Адам нені ойласа, сол іске асады.
Түнде ұйықтар алдында ертең орныңыздан ерте тұрамын деп іштей ойланыңыз. Сіз міндетті түрде ерте тұрасыз. Өйткені сіздегі сенім ағзаңызды сол сәтке дайындайды.
Кешікпеу үшін кешікпейтініңізге СЕНІҢІЗ!
Көлік ішінде келе жатып кептеліске тап болсаңыз саспаңыз. Кептеліс сіздің ойыңызда маңызды рөл алмау керек. Өйткені кептеліс тек бір сәттік жағдай. Ал сіз кептеліске қалмайтыныңызға іштей СЕНІҢІЗ! Жол сіз үшін әрдайым ашық болады.
Ең бастысы, сенімге селкеу түсірмеңіз. Кез келген рухани, материалдық қажеттіліктерге СЕНІМ керек.
Сізде бәрі жақсы болады, маған сеніңіз!