- Негізгі бет
- Жаднама
- Оянған ару көңілі...
Оянған ару көңілі
Белгілі композитор Делсонның ұлы әкесі Мосы Делсон өте сиықсыз адам еді. Оның бойының аласалығын былай қойғанда, белі де бүкір болатын. Бір күні ол қаладағы бір саудагердің үйіне барады. Саудагердың Фрумие атты қызы бар еді. Моси қызды көрген жерден құлай сүйеді. Бірақ, өте сиықсыз болғандықтан қыз оның талабын бірден тойтарып тастайды. Аттанар кезде Моси бар қайратын бойына жинап, екінші қабаттағы қыздың бөлмесіне барып, қызбен соңғы рет тілдесіп қалмақшы болады. Қыз расында да теңдессіз сұлу еді. Бірақ, қыздың өзіне көз қырын да салмағанына ол іштей қатты қорланады. Бірер ауыз әңгімеден кейін:
- Неке ғайып дегенге сенесің бе? – деп тартына тіл қатты.
- Сенемін, - дейді қыз оған қарап та қоймастан, - сен ше?
- Мен де сенемін. Адам өмірге келерден бұрын оның келешекте қайсы қызбен үйленетіндігі белгіленіп қояды екен. Тағдыр әміршісі маған жарымды көрсетіп, әйелің бүкір болады деді. Мен бұған шыдай алмай, бір сұлудың бүкір болуы тым бақытсыздық, ау әмірші, бүкірлікті маған беріп оны сұлу етіп жаратқайсыз деп жалбарындым, - деді Моси.
Оның сөздері Фрумиенің көңілін балқытты. Делсонның некелену талабына қосылғандығын қос жанарымен білдірді. Ақыры олар тату-тәтті жұбайларға айналды.
Дайындаған: Мейіржан Әуелханұлы
Сурет: blogspot.com
M. Auelkhan