Пендешелік жасаудың ішіне өтірік айту да кіреді. Бірақ қазір қоғамда жалған сөйлеп қажеттілігін жасайтын жандар көп. Қажеттілік деп оның ішіне ақша, дүние, байлық, сенім деген нәрселер мен заттай құндылықтарды жатқызуға болады. Ал адамның өтірік айтып тұрғанын қалай білуге болады? Ол үшін сізге ең керек төрт әдіс ұсынамыз.
Өтірік айтқан адам өзін жоққа шығаруға тырысады.
Мәселен ас үйде жүрген қызыңыздың кесені сындырып алғанын қалай жеткізуіне қараңыз: «Ана жақта, ас үйде кесе сынып қалды». Міне, бұл – жалған сөз. Себебі ешбір себепсіз кесенің сынып қалуы мүмкін емес. Ал егер: «Абайсызда сындырып алдым» десе және тік қарамай, көзін тайдырып тұрса, бұл – шындық.
Өтірік айтқан адамның дауыс ырғағы да өзгереді
Мына мысалға назар аударыңыз: «Қап, мына көлік кептелісі адамды шаршатты. Осы үшін кешігейін деп тұрмын!». Өзінің кешіккенін көлікке отырмас бұрын, үйінде жүріп жалған айтқан адамның дауыс ырғағы өзгеріп, ашуға беріледі. Сырт дүниені балағаттайды. Ал шындығында: «Кешіріңіз, кептелісте тұрып қалдым, кешігіп барамын» десе, бұл – ақиқат.
Өтірік айтқан адамның түсінік беруі тым қарапайым
«Мен допинг сынақтан қалай өтпей қалғанымды білмедім...» деген секілді тым қарапайым әрі соңы нақты емес сөздерді қолданады. Ал шындығында «иә, мен бұл істі қолға аламын және басыммен жауап беремін, жауапкершілікті мойынма аламын» деп анық жауап берсе, шынайы әіңгімеге жақын болар еді.
Өтірік айтқан адам артық сөздерді көп пайдаланады
Мысалы: «Мен бұл ұрылардың біреуін де танымаймын. Сіздіңше, мен осындай әрекетке баратын адамға ұқсаймын ба? Бұл ақымақтарды менімен тең көрмеңіз». Бұл өтірік айтып тұрған адамның барынша сендіргісі келген әрекеті. Ал шындығында: «Құрметті сот, мен ұрлық болған күні үйде бала-шағаммен болдым» деп анық әрі сабырлы түрде айтылуы керек.
Сіз де өтірікті жиі айтасыз ба?!