Уақытты босқа өткізбеңіз! Жаз – бұл ең жарқын және ессіз дүниелерді іске асыратын нағыз сәтті уақыт. Бұл жазды ерекше өткізу үшін мына кеңестерге құлақ түріңіз.
1. Күнге күю. Бұл – бағдарламаның міндетті бөлігі. Теңізге, не көлге баруға жағдайыңыз жоқ па? Онда жақын жердегі су қоймалары мен бассейндерге баруға болады.
2. Қылтима немесе шатырда таңғы ас ішу. Таңғы хош иісті және салқын жел, бір шыны кофе немесе шай, бұл күн бойына тамаша қуат берері анық.
3. Балмұздаққа әбден тою. Бұл тәттіні жеуге тіпті аяз да кедергі болмайды ғой, ал жазда – міндетті шарттардың бірі.
4. Шетелдік азаматпен танысу. Жазда қалаға көптеген туристер келеді, сондықтан ағылшын/француз/неміс тілін жақсартып алуға тамаша мүмкіндік туады.
5. Нөсердің астында жүгіру. Жаңбыр құйып кетті ме? Қолшатырды шығаруға асықпаңыз. Балалықты еске салатын жаңбырдың иісінен ләззат алыңыз.
6. Жорыққа шығу. Достарды жинап, палатка мен гитара алып, тауда, жұлдыз астында түнеуге шығыңыз.
7. Автостоппен серуендеу. Желмен жарысып, түнгі қаланы тамашалау – бұл да бір сергітерлік іс.
8. Шатырда пикник жасау. Адам тола кафелерден гөрі, шатырда отырып, әңгіме-дүкен құру әлдеқайда қызықты.
9. Түнгі қалада серуендеу. Түнде қалада ерекше атмосфера туып, қала тыныштық пен романтикаға бөленеді. Осы сәтті пайдаланып, түнгі салқынмен міндетті түрде серуендеп қайтуды ұсынамыз.
10. Ашық аспандағы кинотеатрға бару. Жұлдыздар астында кино көруден тамаша әсер алатыныңыз сөзсіз.
11. 20 қызықты кітап оқу. Жаз – бұл біліміңді ұштауға тамаша мезгіл: ешқайда асығудың қажеті жоқ, сондықтан қолыңызға кітап алып, кейіпкерлермен шытырман оқиғаларды бастан кешіруге болады.
12. Флешмобқа қатысу. Мұндай шараларда жаңа таныстықтар орнатып, оң әсерге бөлінуге мүмкіндік мол.
13. Сумен атысып ойнау. Екі команда, бірнеше су пистолеті және 40 градус ыстық – не істеу керектігі онсыз да түсінікті ғой!
14. Таудың шыңына шығып көру. Жоталарға шығудың өзі біраз күшті қажет ететінін білетін шығарсыз. Бірақ айналаға биіктен көз тастаудың өзі қаншама жағымды әсер сыйлайтынын айтсаңшы.
15. Жақын қалаға саяхатқа аттану. Кішкентай қала болса да оның өз ерекшеліктері болады және назар аударарлық жерлерінен көптеген қызықты мәліметтер біліп қайтуға болады.
16. Сарқырамаға суға түсу. Бұл енді тіс қаққан саяхатшыларға арналған, алайда, бұл расымен айтып жеткізуге болмайтын әсер.
17. Достарыңмен бірге таңды атыру. Таңмен бірге тілегіңді айтып, оның орындалатынына мүлтіксіз сену.
18. Арт-алаңдарға бару. Қалаңда ұйымдастырылып жатқан ашық аспан астындағы концерттер, өнер туындыларының көрмелері, қолөнершілердің жәрмеңкесі, түрлі мастер-класстар, байқаулар мен кешкі кино көрсетілімдерді жіберіп алма.
19. Қала төңірегін аралау. Қалаңдағы осы уақытқа дейін бармаған жерлеріңе бару.
20. Қарбыз бен қауынды молынан жеу. Суық түскенде бұл жемістер де дастарханнан жоғалады, сондықтан қолыңды мезгілінен кеш сермемес үшін жемістің мол пайдасын көріп қалыңыз.
21. Туыстарға қонаққа бару. Жаз - той мезгілі. Сондықтан тойлардан қалмай, болмаса көптеген көріспеген туыстарыңның үйіне қонаққа барып, қал жағдайын біліп қайту міндеттеледі.
22. Аттракциондар паркіне бару. Аттракциондар спектрі қазір өте кең, сондықтан тіпті ең талғампаз адам да өзіне ұнайтынын табады.
23. Квадроцикл тебу. Егер көлік айдауды үйренгіңіз келіп жүрсе, осы квадроциклден бастасаңыз болады. Достарыңыз немесе әріптестеріңізбен қала сыртына, мини-саяхатқа аттаныңыз.
24. Велосипед/ролик тебу. Спорт — жаздың міндетті бағдарламасы. Егер велосипедіңіз де, ролигіңіз де болмаса, жалға беретін көптеген орындар бар.
25. Аптасына екі күн интернетке кірмеу. Жазда әлеуметтік желілерді қоя тұрып, шынайы өмірдегі таныстық пен достыққа көшу керек.
Сурет: www.badfon.ru, favim.ru
Дайындаған: Анар Мұстафина