Дәрігерлер табиғи өрттің адам денсаулығына тигізетін әсері туралы айтты. Олардың пікірінше, бір кештегі түтіннің өзі ағзаға аса зиянын тигізуі мүмкін.
Дәрігерлердің айтуынша, түтін ауаны негізінен өндірістік қалдықтар исі және күлі мен ластайды.
"Осындай улы ауаны жұту арқылы күл тыныс алу жүйесінің барлық құрылымдарына әсер етеді. Бұл тыныс алу жүйесінде тітіркенуді және қабынуды тудырады. Сосын адамдарда жөтел, булығу басталады. Түтін шырышты қабықтың тітіркенуін де тудырады", - дейді терапевт Валерия Шелестюк.
Түтін әсіресе балалар, қарт адамдар, созылмалы жүрек пен өкпе аурулары бар адамдар, аллергиямен ауыратындар үшін қауіпті.
"Улы түтін жұту бронх демікпесінің ұстамасын, созылмалы аурулардың өршуіне, аллергиялық реакция тудыруы мүмкін. Сондай-ақ, түтін ұзақ уақыт әсер еткенде канцерогендік әсерге ие және өкпе ісігінің қаупін арттырады", - дейді маман.
Терапевт Софья Маликова әріптесінің пікірімен келіседі. Оның айтуынша, түтінде тек улы және канцерогенді күйе ғана емес, көміртегі тотығы да бар.
"Көміртек тотығы денсаулыққа өте жағымсыз әсер етеді. Түтіннің әсер ету мерзімі неғұрлым ұзақ болса, денсаулық соғұрлым нашарлайды. Мұндай әсердің ең қорқынышты және жағымсыз салдары (мысалы, бір ай немесе тұтас жаз түтінмен тыныс алу) қатерлі ісік ауруын тудырады", - деді ол.
© Pixabay
Не істеу керек?
Табиғи өрт кезінде дәрігерлер үйде, терезені қымтап жауып, мұрынды тұзды-су ерітіндісімен шаюды, сұйықтықты көбірек ішуді және түймедақ қайнатпасымен мұрын-тамақты шаюды ұсынады.
Мамандар өкпе жұмысын тексеретін пульмонологқа баруға кеңес береді.
Сонымен қатар, С, А, Е дәрумендері және антиоксиданттар денені қалпына келтіруге және нығайтуға, тотығу стресін жеңілдетуге көмектеседі.
Еске салайық, Қостанай облысында бірнеше күн бойы орман өртенді. Өрт бірқатар ауылда жүзге жуық үйді зақымдады. 1800-ден астам адам қауіпсіз жерге көшірілді. Облыста жергілікті ауқымда төтенше жағдай жарияланды.