Бір топ аңшы тауға аң аулауға шығыпты. Ішіндегі бірі аңның қызығына әбден түсіп, назары ауған шақта терең қазылған орға құлап кетеді. Оның оң қолы, екі аяғы сынады.
Ор тым терең, әрі құлама тік еді. Үстіндегілері не істерлерін білмей дағдарып қалды. Оның бағына қарай ор қабырғасында бірнеше түп шөп бар екен. Аңшы ақырындап ор қабырғасын жағалап, сол қолымен әлгі шөптерден ұстады да, оны аузымен тістеп, жоғары қарай ақырын жылжи бастады. Ор сыртындағыларға бұл жақта қандай жағдай болып жатқаны белгісіз еді. Көрінбейтін-ды. Оған айғайлап дем беріп тұрды. Олар оның сұлбасын көре бастағанда, шыдай алмай оның қал-жағдайын талқылай бастады.
«Жағдайы тым нашар сияқты, оның қол-аяғы сынып қалған болар...»
«Дұрыс айтасың, анау кішкентай шөптер оның денесін көтере алар ма екен?!»
«Өкінішті-ақ, ол құлап кетіп өлсе, соңында қалған мал-мүлікке кім ие болар екен?!»
«Кәрі шешесі мен әйеліне қалай жеткізер екенбіз...»
Орға құлаған аңшы мүлде шыдамы таусылды, ол: «Ауыздарыңды жабыңдар!» деп қатты айғайлады да, дәл сол сәтте орға қайта құлап кетті. Ол орға құлап, өзінің енді бұл дүниелік емес екенін сезе бастаған шақта, ор жиегінде тұрғандардың аузынан: «Айтпадым ба, ол мүлде шыға алмайды деп, міне, не болды енді...» деген сөздерді естіп қалды.
Дайындаған: Мейіржан Әуелханұлы
Сурет: fineartamerica.com