Korn Ferry консалтинг компаниясы жұмыс іздеп жүрген 5 миллион маманға "Жұмыс іздеу себебіңіз?" деген сауал қойыпты. Сөйтсе 33% адам зеріккеннен жұмыс іздеп жүр екен.
Бұл орташа есеппен адамзаттың 33%-ы өз ісін, мамандығын таба алмай жүр деген сөз, тіпті одан да көп болуы мүмкін. Ал сіз өз ісіңізбен айналысып жүрсіз бе? Оған көз жеткізе түсу үшін немесе жаныңызға жақын болашақ мамандығыңызды анықтау үшін Massaget порталы Аrealme тестін ұсынады.
Тест "Бос уақытта не істегенді жөн санайсыз? Егер қаржы аударатын мүмкіндік болса, қайда жұмсар едіңіз? Жұмыс уақытыңыз қандай болғанын қалайсыз? Өзіңізді кәміл сезіну үшін мыналардың қайсысы қолайлы? Еңбек демалысында немен айналысқанды қалайсыз?" сияқты 31 сұрақтан тұрады. Бәрі ағылшын тілінде деп қаймықпаңыз, есесіне ағылшыншаңызды сәл де болса шыңдап аласыз.