Онлайн-жарнаманы үйрететін әлеуметтік желілердің тегін курстары

Онлайн-жарнаманы үйрететін әлеуметтік желілердің тегін курстары
Фото: dribbble.com/IrynaEvans

Қазір ең танымал әлеуметтік желілердің нұсқаулығымен қоса онлайн-жарнамаға арналған өз курстары бар. SMM маманы Павел Гуров сондай жеке курстарды топтастырды.

Instagram/Facebook

Холдингтің Blueprint онлайн-университетінде инстаграм-парақша монетизациясы, жарнама кабинеті, аккаунтты жүргізу, креатив және стратегия деген салаларға арналған жүзден аса видеокурс бар.

Курстың барлығы тегін, ал халықаралық сертификат берілетін емтихан тапсыру құны – 150$. Курстарды холдинг қызметкерлері мен серіктестері жасаған.

Бонус: инстаграм-жарнамаға арналған интерактив оқулық: business.instagram.com/advertising

YouTube

50 сағаттық тегін материалдарда YouTube-арнаны дамытудың жолдарын, қызық видео түсіруді, аналитикамен жұмыс істеуді және арна арқылы ақша табуды үйретеді.

Google

Google-дың топ-менеджерлері дайындаған он видеокурсында Google Maps, Android, Google Ads, Google Analytics құралдарын маркетингте қалай пайдалануға болатынын үйренуге болады. Оқу тегін. Барлық тесттегі нәтижеңіз 80%-тен төмен болмаса, сертификат беріледі.

Twitter

Twitter дайындаған 9 мини-курс көмегімен бұл желінің кәсіби маманы атанып, күрделі видеоформаттар мен жарнама механикаларын меңгеруге болады. Оқу тегін. Бірінші мүмкіндіктен емтиханды сәтті тапсырған жағдайда сертификат беріледі.

VK/Mail.ru

target.my.com/pro/education/online-course – Mail.ru платформасында жарнама жасауды үйрететін интерактив оқулықтар.

vk.com/biz/academy – VK-дағы контент пен жарнамаға арналған 53 видеосабақ.

Pinterest

Pinterest-тің интерактив оқулығында желінің бизнес-функциялары туралы айтылған.

Snapchat

210 миллион қолданушысы бар әлеуметтік желінің 9 интерактив курсында аккаунтты дамытудың тәсілдерін үйретеді. Курс соңында тест тапсырып сертификат алуға болады.

Massaget.kz