Көпшілік қанттың қатерлі ісік ауруын «қоректендіретінін» айтады. Сондықтан сау адамға да науқасқа да қатерлі ісіктің дамуын болдырмау үшін тәттілер жемеу керек екен.
Қант рак клеткаларына күшті әсер етеді. Онкологтардың айтуынша, бұл қатерлі ісіктердің дамуы мен өсуін тудыруы мүмкін, диагноз қойылған қатерлі ісіктің ары қарай дамуын күшейтеді. Ал тәттілерден толығымен бас тартсаңыз, онда ісіктің пайда болу қаупі азаяды және тіпті рак клеткалары сау клеткаға айналады. Бұл теория қаншалықты дұрыс?
Онколог, химиотерапевт Надежда Бриш подкастта мұның анық-қанығын айтты.
Дәлелдер анық емес
Қант ісік жасушаларының өсуіне қалай әсер ететінін көптеген зерттеулердің авторлары анықтауға тырысты. Ал бұл сұрақ әлі де ғалымдарды алаңдатып отыр. Дегенмен, бүгінге дейін қантты тұтыну мен онкологиялық аурулардың дамуы арасындағы нақты байланыс орнатылмаған. Алынған нәтижелер тым қарама-қайшы: кейбір ғалымдар бұл байланыс бар деп мәлімдейді, басқалары оны жоқ дейді.
Надежда Бриштің айтуынша, мұндай байланыс орнату шынымен қиын. Өйткені көмірсулар, соның ішінде қант пен глюкоза тек тәтті тағамдарда ғана емес. Мысалы, глюкоза етте, көкөністе, жемістерде кездеседі. Көмірсуларды диетадан толығымен алып тастау мүмкін емес, сондықтан мұндай зерттеулердің нәтижелерін түпкілікті шындық деп санау қиын.
Қатерлі ісік клеткасы қайта сау клеткаға айналмайды
Қант жемей қойсаңыз да қатерлі ісік жасушалары сау жасушаларға қайта айнала алмайды. Надежданың айтуынша, онкологтарда қазіргі уақытта мұндай мүмкіндіктің бар екендігі туралы ғылыми расталған деректер жоқ. Сондықтан, шын мәнінде, осы себептерге байланысты қанттан толығымен бас тартудың мағынасы да жоқ.
Қант жемесе не болады?
Маманының айтуынша, тәттілерден бас тарту диагноз қойылған ісіктің дамуына әсер ете алмайды. Яғни, қатерлі ісік диагнозы бар науқастардың өзінде дәрігерлер шынымен қаласа, шоколад пен тәттілерді жеуге тыйым салмайды.
Надежда Бриш күнделікті тағамнан глюкозаны алып тастау ісік ауруын тоқтатуға көмектеспейтінін айтады.
«Егер бұл шығын материалы болмаса, ісік жасушалары басқасын табады - қалған қоректік заттар босқа кетеді. Ең алдымен, ақуыздар – науқас адам бұлшықет массасын жоғалта бастайды, оның жағдайы күрт нашарлайды. Ақуыздардан кейін кезек майларға келеді», - дейді дәрігер.
Басқаша айтқанда, ісік жасушаларының глюкозаға қол жетімділігі неғұрлым аз болса, олар қоректік заттар мен энергияны алудың баламалы әдісіне соғұрлым тез ауысады. Ал тәттінің қарапайым шектеуі оларды ешқандай жолмен тоқтата алмайды.
Норма барлығына бірдей
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметіне сәйкес, адам күніне 25 грамнан көп емес қант жеуі керек, бұл шамамен 5-6 шай қасық қант. Және мұндай норма барлығына ұсынылады – адамда қатерлі ісік диагнозы бар-жоғына қарамастан.